Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

ФИРДАУСИ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ҚЫЗДАРЫ ОРАМАЛДАРЫН ШЕШТІ

     Фердауси орта мектебінің бастауыш сыныбында оқитын қыздардың 100%-ы, жоғары сыныпта білім алып жатқан қыздардың 60%-ы орамалдарын өз еркімен шешті. Психолог мамандар олардың әрқайсысымен жеке жұмыс істеген. Ал, заңға бағынбаймыз дегендердің үйлеріне барып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек мәлімдеді. «Мемлекет – мектеп. Дін – мешіт. Мемлекеттік мекемеге дінді тықпалау заңға қайшы! Ешкім қыздарды қинап жатқан жоқ. Өз еркілерімен орамалдарын шешіп жатыр. Қыздарға түсіндірме жұмыстары арнайы психолог мамандардың тарапынан жүргізілді. Білім керек адам, мектеп заңына бағынып осылай мектеп қабырғасына аяқ басады. Қараңғы, оқымаған надандар жұмақты аңсап үңгірде өмір сүруді армандайды. Бүлдіршіндердің болашағы жарқын болсын!» - дейді заңгер.
«Бүгінгі Фирдауси! Қыздардың 60% орамалы шешілді. Соңғы екі айдағы қызу жұмыстың нәтижесі осындай. Бүгінгі жеңіс! Заң бәрімізге ортақ!» - дейді Айгүл Орынбек.
     Естріңізге сала кетейік, 3 қыркүйекте Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Фердауси ауылындағы орта мектептің басшылығы сабаққа орамал тағып келген оқушы қыздарды мектепке кіргізбеген еді. Оған наразылық танытып, 30 шақты ата-ана мектеп алдына жиналды. Алайда, әкім орынбасары білім және ғылым министрінің мектеп формасы туралы бұйрығына сай, 1 қыркүйектен бастап оқушылардан орамалды шешуді талап етіп жатқанын жеткізген. Аудандық әкімдік арнайы штаб құрып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, осы оқиғаның басы-қасында жүрген қоғам белсендісі өзінің Фейсбук парақшасында мәселенің шешімін тапқанына қуанып, орамалын шешкен қыздармен түскен суретін жариялады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда101
  • Осы аптада22
  • Кеше3
  • Бүгін2
  • Желіде0