"Қарттарым, аман-сау жүрші" атты тәрбие сағаттары өткізіліп, тәлім-тәрбиесі мол бейнероликтер көрсетілді
Астана қаласы #74 мектеп-гимназиясында 1 қазан Қарттар күніне орай сыныптарда "Қарттарым, аман-сау жүрші" атты тәрбие сағаттары өткізіліп, тәлім-тәрбиесі мол бейнероликтер көрсетілді. 6-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен мектеп маңайындағы қарт ата- әжелеріміздің үйіне барып, үй жұмыстарына көмектесіп, ауласын жинауға қолғабыс етті. "Қарты бар үйдің қазынасы бар"дейді дана халқымыз. Бұл сөзде үлкен мән жатыр...Үлкендерді сыйлап үлгі көрсетсек, оқушыға бұл үлкен тәрбие болмақ.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер