Меню KDT
kz ru en

введите текст

Баймагамбетова Акмарал Зейнешевна

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Сіздерге өмірден тоқығаны мол, Баймағамбетова Ақмарал Зейнішқызы туралы айтып өткім келеді.
«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген , естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын , еш нәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі , мейлінше шешен, өнер – білімге құштар, аса қанағатшыл , жаны асқақ және ар – намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл , ержүрек болуы керек», – деген Әл – Фараби бабамыздың сөзі арқылы ардақты әріптесіміз Баймағамбетова Ақмарал Зейнішқызының бойындағы қасиеттерін көрсеткіміз келеді. 
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға ...Ұстаз. Осы сөздің адам жанына жылылық ұялатып, асу бермес асқарға жетелері сөзсіз. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, өмір өзенінің оң соқпағына салып, сенің болашағына беретін адам – ол ұстаз. Білім шеті мен шегі жоқ телегей теңіз болса, сол теңіздің сәнін келтіріп, байыппен ғана әр шәкірт жүрегіне жол тауып, соның кілтін аша білген ақ желкенді кеме – ұстаздарымыз бар. Көкшетау педагогикалық институтының математика бөлімін тамамдап, жолдамамен аталған Рузай ауылына жұмысқа орналасады. 1998 жылдан Калинов орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша еңбек жолын бастап, 2012 жылға дейін қажымай еңбек етті. 
Ұжым – қай кезде де тәрбие мектебі. Жақсы ортада адамның шабытына шабыт қосылады. Таланты жарқырап, өнімді еңбек етуге дағдыланды. Талаптың тұлпарын мініп келген жас маманға тәжірибелі ұстаздар мейрім шуағын төге білді. Зейнеткерлік жасқа келіп өз еңбегімен мектеп ұжымына, шәкірттеріне сыйлы болып, еңбегі жанған ұстаздардың бірі - Ақмарал Зейнішқызы. 
Өзіміз де Калинов мектебіне келген сәтімізден Ақмарал Зейнішқызы жат деп жатсынбай, қолынан келген көмегін аямай әрдайым қолдау көрсетіп отырды. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүрді. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кететін.
Ұқыптылық пен тазалық Ақмарал Зейнішқызының басты қасиеті болып келеді. Жинақталған білім тәжірибесі арқылы әріптестеріне,оқушыларға көмек беруге және әр істі тыңғылықты атқаруға жұмылдыруға жұмсайтын.
Ақмарал Зейнішқызы тек оқушылармен, ұстаздармен жұмыс атқарып қоймай, ата – аналармен де тығыз байланыста жұмыс істеген болатын. Мектеп ішінде өтетін тәрбие сабақтарына, ата – аналардың жиналыстарына, жарыстарға үзбей қатысып, бағыт – бағдар беріп жүреді.
Ол кісі баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, Отанға деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді оқушыларға жиі беріп отырды.
Ақмарал Зейнішқызы еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. 
Біз әріптесімізге отбасы амандығын,зор денсаулық, балалары жетістіктерге жетіп,биік шыңдардан көріне берсін деген ізгі тілек тілейміз.
Ðа данном изобÑажении Ð¼Ð¾Ð¶ÐµÑ Ð½Ð°ÑодиÑÑÑÑ: 3 Ñеловека, в Ñом ÑиÑле ÐппаÑÐ°Ñ Ðкима ТайÑнÑинÑкого Района, лÑди ÑлÑбаÑÑÑÑ, лÑди ÑÑоÑÑ Ð¸ коÑÑÑм

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана привлечь граждан, к решению  социально-экономических проблем. Интеграциия на платформе 
учреждений социальной сферы 
и 
бизнеса, даёт уникальную
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это инструмент позволяющий информировать граждан о новостях происходящих в школе, в регионе и в стране. Сервисы дают возможность создания 
сообществ и обсуждений для
участия в процессе обучения
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц67
  • За неделю14
  • Вчера3
  • Сегодня1
  • Онлайн0