Наурыз мерекесіне мектеп ұстаздары мен оқушылары белсене қатысты
Наурыздың 21-і Бидайық ауылының мәдениет ошағында өткен Наурыз мерекесіне мектеп ұстаздары мен оқушылары белсене қатысты.Мекемелер арасында өткізілген салт-дәстүр байқауында мектеп ұстаздары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, "Беташар" қойылымымен халықтың көңілінен шыға білді.Мерекелік дастархан даярлап, Наурыз қонақтарын ерекше пейілмен, қонақжайлылық танытып, қарсы алған әріптестерімізге мың алғыс!!!