Көгілдір көктем мерекеге толы. Табиғатпен бірге адамзат та құлпырып, сұлулыққа ерекше көңіл бөлетін уақыт. Бидайық орта мектебі жанындағы "Қарлығаш" шағын орталығы бүлдіршіндері де күн көзінің мол себілген шуақты күндерін ерекше өткізуде.Әсіресе, қызғалдақ қыздарымыз қылықтарымен бар көрерменді "Қыз сыны" байқауында өнерлерімен тәнті еткен еді. Жеңімпаздары: І орын Муканжанова Аяулым,ІІ орын Калижанова Сагдина, ІІІ орын Сандыбаева Адема иеленген еді.