Меню KDT
kz ru en

введите текст

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің апталығы

           2019 жылдың 14-18 қаңтар арасында  мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы өтті.
        Апталық өткізу мақсаты: оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік тілді білуге, мәдениет пен  дәстүрді қастерлеуге баулу. Апталықтың алдында мұғалімдермен  бірнеше рет кездесіп, мұғалімдер өздерінің қандай тақырыпта және қандай іс-шара өткізетіні талқыланды. Апталық барысында бірлестік мұғалімдері барлық сыныптарда  әр түрлі іс-шаралар өткізді. Бірінші күні, 14.01 «Тіл – достықтың тірегі»  атты апталықтың ашылу болды, стенд рәсімделді, онда ақындардың тіл туралы нақыл сөздері мен директормен бекітілген,  апталықта өтетін іс-шаралар жоспары  көрсетілді.
Жоспарланған сабақтар мен сыныптан тыс шаралар  уақытында өткізілді.
                            

          9-сынып оқушылары арасында «Кім жүйрік?» интеллектуалдық марафон,  6-сынып оқушылары арасында өткізілген «Қазақша КВН» зияткерлік ойынында оқушылар пән бойынша, сондай-ақ тарих пен мәдениетке байланысты сұрақтарға  жауап бере білді.

     Бастауыш сынып оқушылары арасында «Сөзжұмбақтар» байқауына оқушылар аса қызығушылықпен қатысты.  
 Сонымен қатар «Өлең – сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу сайысына оқушылар белсене қатысты.
   
 

      5-11-сынып оқушылары мен мектеп ұжымы арасында «Қазақшаңыз қалай?!» сауалнама жүргізілді, онда қатысушылар сұрақтарға қазақша жауап беруді тырысты. 7-10-сынып оқушылары арасында «Үздік эссе» байқауы өткізілді.
      Апталық барысында сыныптан тыс шараларымен қатар қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері ашық сабақтар да өткізді.
Жангарина А.Е.  3«Б»-сыныбында «Ұлттық аспаптар» атты сабақ өткізді. Оқушылар қазақ халқының ұлттық аспаптардың үндерін естіп, оларды ажыратуға үйренді.

Исина Г.М. 6«Б»-сынып оқушыларымен  «Ең жақсы мамандық» тақырыбында сабақ жүргізді. Сабақ барысында оқушылар мамандықтармен танысып, рөлдік ойындар бойынша көрініс көрсетті  



11-сынып оқушылары «ҚР Парламенті» атты сабақты Сайдалинова А.З. өткізді. Өз сабақтарында мұғалімдер жұптық, топтық жұмысының әдіс-тәсілдерін қолданды.
                           
Апталықтың жабылуы  мектеп оқушыларының қатысуымен 18-қаңтарда өткізілді.
Апталықтың нәтижесі бойынша оқушыларға жүлделі орындар мен белсенді қатысуы үшін 100-ден астам марапаттау қағаздары берілді.

Сонымен қатар КИО олимпиадасының («Күз-қыс» маусымы) жеңімпаздарына 10 диплом және «Тіл – тәуелсіздік символы» олимпиадасы бойынша 2-орынға ие болған 15 оқушыға, 10-сынып оқушысы Лукьянов Максимге облыстық кезеңінде І дәрежелі, республикалық кезеңінде ІІ дірежелі дипломдар тапсырылды. 
                                                   

       Апталықтың өту барысында 6 оқушы «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадаының аудандық кезеңіне қатысты, 9-сынып оқушысы Сақибаев Сұлтанбек «Тілші-әдебиетшілер» номинациясында ІІ дәрежелі дипломға ие болды.

                                                                                                                            ӘБ жетекшісі Сайдалинова А. З.

  


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана привлечь граждан, к решению  социально-экономических проблем. Интеграциия на платформе 
учреждений социальной сферы 
и 
бизнеса, даёт уникальную
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это инструмент позволяющий информировать граждан о новостях происходящих в школе, в регионе и в стране. Сервисы дают возможность создания 
сообществ и обсуждений для
участия в процессе обучения
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц86
  • За неделю28
  • Вчера6
  • Сегодня5
  • Онлайн0