Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

2019 жылғы 12 тамызда жаңа оқу жылына дайындық аясында бүкіл ел бойынша«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды.

Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Акцияны өткізудің орны және кезеңі: республиканың өңірлерінде, 2019 жылғы 12 тамыздан бастап 10 қазанға дейін.

Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың,  ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері  және т.б.

Акцияның мазмұны және форматы:

Ұраны - «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін».

Республикалық акция балаларға, ата-аналарға және қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертпе болуы тиіс.

Акция аясында жоспарланған:

  1. Мектептік тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін зерделеу

- автокөліктің техникалық талаптарға сәйкестігін, тахографтардың бар болуы және жарамдылығы туралы мәліметтер, балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін, жүргізушілердің құрамын (тиісті санаттарының болуына, жүргізушінің өтілі, жолда тәртіп сақтау әдеттері) тексеру, қозғалыс схемасының бар болуы;

- мектепке кірме жолдарының қауіпсіздігі (аумақты жарықтандыру, «Балалар» белгісінің бар болуы, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді, «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісін және т.б. құру);

- балаларды тасымалдайтын көлік құралдарында (автобустарда) арнайы жарық (жарық түсіргіш шамшырақшалар) және дыбыс сигналдарының бар болуы;

- мектепке кірме жолдарында, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің маңында қолданыстағы бейнебақылау камераларының бар болуы;

- жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқамалар жүргізу, сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобустары жүргізушілерінің міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану;

  1. Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

- жол қозғалысы ережелері туралы парақшалар мен брошюралардың таратумен жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары;

бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін «Жарқын бол!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу. Қозғалыстың жас инспекторларының оқушыларға жарық шағылыстыратын білезіктерді тапсырумен жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы театрландырылған концерт көрсетеді ұйымдастыруы.

- люминесцентті бояуларды (қараңғыда жарықтандыратын) пайдалана отырып суреттер байқауын өткізу;

- кинотеатрларда, қоғамдық көлік салондарында жол қозғалысы ережелері туралы әлеуметтік роликтерді көрсету;

- жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелерін орындау мәселелері бойынша аймақ тұрғындары арасында сауалнама жүргізу, мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беретін мектептерде сабақтар, дәрістер, ата-аналар жиналыстарын өткізу;

- жол қозғалысының қатысушыларын жолда сақ болуға шақыру бойынша флешмобтар өткізу.

Баршаңызды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері болған жағдайда, оның ішінде мектептерге және үйге қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «сенім» телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 742528.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана привлечь граждан, к решению  социально-экономических проблем. Интеграциия на платформе 
учреждений социальной сферы 
и 
бизнеса, даёт уникальную
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это инструмент позволяющий информировать граждан о новостях происходящих в школе, в регионе и в стране. Сервисы дают возможность создания 
сообществ и обсуждений для
участия в процессе обучения
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда66
  • Осы аптада15
  • Кеше3
  • Бүгін1
  • Желіде0