Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

Тағылымы мол жыр мүшайрасы

2020 жылы «Шығыстың Аристотелі» атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толады. Осы атаулы мерейтойға орай облыстық «Солтүстік Қазақстан» және мен оқитын «әл-Фараби» мектеп-лицейінің бірлесуімен «Әл-Фараби мұрасы – асыл мұра, рухани қазына» атты облыстық жыр мүшайрасы ұйымдастырылып, 24 қаңтар күні оқушылар сарайында өтті. Мүшайраны ұйымдастырудағы мақсаты: 1.Ұлы ұстаздың рухын тербетіп, ғылым жолына арнаған өмірі мен шығармашылығын насихаттау. 2.Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.3.Тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше дарынды жастарды ерекшелеу болды. Жыр сүйер қауымның Әл-Фараби кім болды, қандай мұра қалдырды және нені үйренуге болады деген сұрақтарына жауап беруді көздеді. Мүшайраға облысымыздың әр аудандары мен Петропавл қаласын қосқанда 16 жас ақындар қатысты. Ережеге сәйкес әр қатысушы екі өлеңнен оқыды. Біріншісі Әл-Фарабиге арналса, екіншісі рухани жаңғыру кезіндегі Қазақстанға арналды.

Мүшайраға облыстық «Әжелер мектебі», «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Жангелді Тажин мен мүшелері арнайы қонақ ретінде шақырылды. Жарасбай Қабдоллаұлы мүшайраны салтанатты түрде ашып, жас қаламгерлерге ақ батасынберді, ал ақ жаулықты қажы апаларымыз тәттіден шашуын шашты. Жыр додасына қатысушыларды бағалауға Жарасбай Сүлейменов, өңірімізге танымал ақындар Аманжол Зағыпар, Күлмай Рахмет және осы мүшайраны ұйымдастырушы, «әл-Фараби» мектеп-лицейінің директоры Күлімкөз Қайырбайқызы төрелік етті. Көрермен ретінде қаламыздағы қазақ мектептерінің және қазақ сыныптары бар орыс мектептерінің басшылары, ұстаздары, оқушылары мен ата-аналары жиналып, 300 орындық зал лық толды. Мүшайраның бірінші бөлімінде біздің мектеп-лицейдің оқушылары Әл-Фарабиді танытуға арналған әдеби-музыкалық композиция көрсетті. Көрермендер назарына «Әл-Фараби – өркениет ойшылы» атты деректі фильм көрсетілді. Жыр додасын облыстық Е.Асқаров атындағы ақындар мектебінің шәкірті Аяған Диас бастады. Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы «Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясынан» төрт қаламгер- Сералиев Темирлан, Молдаш Жадыра, Кусаинова Дильназ, Қалиахмет Сабина, Жамбыл ауданы, Преснов орта мектебінен - Күркенова Жанель, Жүкенов Бекзат, Айымжан орта мектебінен Раисова Асем, Аққайың ауданы, Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінен - Аюпова Камшат, Серік Ерсұлтан, Е. Асқаров атындағы «Облыстық Жас ақындар» мектебінен - Тлеген Айнұр, Петропавл қаласы №23 орта мектептен - Сеилбеков Улан, «әл-Фараби» мектеп-лицейі – Қуаныш Дарина, өнер колледжі жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан төрт оқушы сайықа түсті. Жас ақындар өз өлеңдерімен баршамыздың рухымызды көтерді, көңілімізге мақтаныш сенімін ұялатты. Осындай дарынды, шабытты, ұлтжанды ұл-қыздар бар болып тұрғанда, еліміз мәңгілік жасайтынына көзім жетті десем артық емес. Қаймағы бұзылмаған ауылдарымызда қаншама талантты замандастарымыз бар екендігіне қатты қуандым.

Әрине, жыр додасына қатысу үшін алдымен шабыт керек, бап керек, жүрек керек деп ойлаймын. Қатысушы балаларда осыларды байқадым. Кеш соңында қазылар алқасы сайыскерлерді ақшалай және кітаптармен мараппаттады. Демеуші болғандар мүшайраны ұйымдастырушы «Солтүстік Қазақстан» газеті, мектеп-лицейіміздің директоры К.К.Смаилова, облыстық Е.Асқаров атындағы ақындар мектебінің жетекшісі Жарқын Жұпархан. Бас жүлдені – облыстық ақындар мектебінің шәкірті Аяған Диас (30 000), бірінші орынды - Раисова Асем (20 000), екі екінші орынды - Аюпова Камшат, Тлеген Айнұр (10 000), үшінші үш орынды Сералиев Темирлан, Серік Ерсұлтан. Қуаныш Дарина (5 000) иеленіп, грамоталармен марапатталды. Басқа қатысушыларға арнайы сертификат пен кітаптар табысталды. Мүшайраны әсем әнімен және мың бұралған билерімен түрлендіре түскен «Бимаржан», «Нұршашу» би топтарына, «Айналайын» вокал тобына, қобызшы Мадина Сатинаға алғыстан басқа айтарым жоқ. Мүшайрадан алған әсеріміз керемет! Осындай жыр кештері жиі өткізіле берсін деп тілеймін.

«әл-Фараби» мектеп-лицейінің

9 сынып оқушысы Сарсенова Айкерім




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана привлечь граждан, к решению  социально-экономических проблем. Интеграциия на платформе 
учреждений социальной сферы 
и 
бизнеса, даёт уникальную
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это инструмент позволяющий информировать граждан о новостях происходящих в школе, в регионе и в стране. Сервисы дают возможность создания 
сообществ и обсуждений для
участия в процессе обучения
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда82
  • Осы аптада24
  • Кеше6
  • Бүгін1
  • Желіде0