Меню KDT
kz ru en

введите текст

Короновирус

ҮРЕЙГЕ ТОҚТА ДЕҢІЗ!
 
Құрметті сынып жетекшілері
 
жəне мектеп психологтары!
 
Вирус бүкіл əлемді қамтуда. Мазасыздық пен дүрбелең артуда.Барлығы өзіңізді жəне отбасыңызды қалай қорғау керектігі жайында кеңестер беруде.
 
Бұл жағдайда,Қазақстан Үкіметі коронавирус инфекциясы пандемия деп жариялануына байланысты арнайы алдын-алу шаралары туралы халықтың ең осал санатындағы балалар мен жасөспірімдердің психологиялық жағдайы үшін сіздер-ге қосымша жауапкершілік артылуда. Пандемия қаупінен туындаған күйзелістік жағдай ауыр психологиялық жүктеме-ге əкеп соқпас үшін жəне балалардың алдағы кездегі психоло-гиялық дамуына əсер етпес үшін керекті шаралар қабылдау керек.
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен 16 наурыздан-5 сəуірге дейін мектеп оқушылары үшін каникул жарияланды.Демек,ата-аналарды төтенше жағдай кезіндегі сауатты əрекеті жайлы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету керек.Бұл ретте олардың үрей сезімінің одан əрі дамымауын қадағалау қажет жəне стресс əкелетін жағдаяттардан алшақ болған жөн.
 
Басқалар бір-бірінің жүйкесін құртып,бір – біріне қор-қынышты жаңалықтарды жіберп жатқан кезде – сіз өзіңіздің отбасыңыз бен балаларыңыз жайлы ойлауыңыз қажет.
МІНЕ, АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІРНЕШЕ ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
 
Балалар өте сезімтал жəне ата-аналардың эмоционал-дық жағдайына жіті реакция танытатынын ұмытпау өте маңызды болып табылады.
 
Егер ересектер өз-өздерін қолда ұстауды үйренбесе жəне толқу мен дүрбелеңді таратуды доғармаса, кез-келген жаста-ғы бала сөзсіз осы конструктивті емес жағдайларды «жұқты-руы» жəне ауыр эмоционалды жағдайға түсуі мүмкін.
 
ОСЫДАН: гуглдан жəне өздеріңізден аурудың белгілерін іздеуді тоқтатыңыз. Мазасыздықты азайту үшін,жаңалықтар мен əлеуметтік желілерді бақылауды да тоқтату қажет.
 
СОНДЫҚТАН: құрметті ата-аналар,өздеріңізге қам-қор болыңыздар,тəніңіздің жəне жаныңыздың жағдайына көңіл бөліңіздер, сіздердің өмірлік күш-қуаттарыңыз бала-ларға аса қажет! Сіздерден артық оларға ешкім көмектесе алмайды жəне қолдамайды. Үрейге бой бермеңіз,саналы талдау қабілеттеріңізді жоғалтпай,БАҚ-дағы жаңалықтарды дұрыс қабылдаңыздар.

МАҢЫЗДЫ: күйзеліс кезінде балаңызға ашуланба-ңыз. Басқа адамдар сияқты сіз де басыңыздан қатты толқуды өткіздіңіз. Күйзеліс сіздің əрқайсыңызды ашуланшақ,кез-келген сəтте «жарылуға» дайын тұрар жағдайға əкеледі.

 

ОСЫДАН: егер сіз үрейге бой алдырмай,балаңызға дауыс көтермесеңіз,оған үлкен көмек бере аласыз.

 

СОНДЫҚТАН: ашу үстінде айтылған ауыр сөздерді бала жүрегіне жақын қабылдайтынын ұмытпау қажет.Терең демалу арқылы сабыр сақтай отырып,сізде əлемдегі барлық адмдар секілде қобалжуда екеніңізді түсіндіру керек. Сон-дықтан, кез-келген қосымша күйзелістік жағдайлар қажет емес. Қазір жақын адамдар бір-бірін аса қолдау қажет.

МАҢЫЗДЫ: баланың ұйықтау жəне/немесе демалу

 

уақытын  тиімді  ұйымдастыру  ата-ана  міндетінде  екенін

ескеру маңызды

 

Бұл əсіресе төтенше жағдай кезінде балалардың қорқыныш əсерінен ұйқысының бұзылуына əкеледі.Егер баланың ұйқы-сы қанбаса,күш-қуатының аздығынан күйзеліске қарсы тұра алмайды.

 

ОСЫДАН: баланың түнгі ұйқысының қануына жəне түскі уақытта ұйықтаса,оны да ескеру керектігін қадағалауға ата-ана бар күшін салу керек.Баланың ұйқысының қануы үшін терезені ашып, бөлмені желдету,ыңғайлы киім кию(мысалға:кез-келген түнгі киім,əдеттегі бөлме жарығы).

 

Демалуға қатысты баланың айналысатын істерінің түрлерін де өзгертуге болады жəне ол балаға демалыс болып табыла-ды.Карантин жағдайы,сізге балаңызбен көбірек уақыт өткіз-уге мүмкіндік береді. Онымен əртүрлі үстел ойындарын ойнауға,мультфильмдер мен фильмдерді тамашалай отырып-,талқылауға мүмкіндік береді.

 

СОНДЫҚТАН: толыққанды ұйқы мен демалыс сіздің балаңыздың физикалық жəне психологиялық жағынан дені сау болуы маңызды екенін ұмытпаңыз.

МАҢЫЗДЫ: балаңызға толыққанды дұрыс тамақтану-ды қамтамсыз етіңіз.

 

Дұрыс тамақтану- күйзеліс кезінде,əсіресеі бала үшін өте маңызды.

 

ОСЫДАН: тамақтану мөлшері теңдестірілген болуы қажет.Баланы ынталандыра отырып,жемістер,көкөністе-р,көкжелкен мен дəнді дақылдар арқылы тамақтандыру қажет. Алайда,қазіргі балалардың көпшілігі көкөністі ұнат-пайды,жемістің орнына пайдасыз кəмпиттерді жəне сол сияқты азық-түліктерді ұнатады.

 

СОНДЫҚТАН: үйге жемістер мен көкөністерді əкелу жеткіліксіз,баланың көмегі арқылы солармен əртүрлі қызық-ты тағамдар дайындау керек. Онымен қоса жеміс-жидектерден əртүрлі пішіндегі қызықты сұлбалар жасау (карвинг) үшін сіздерде уақыт та пайда болды. Бұны жасау себебіміз,балаларға əртүрлі пішінді жемістер əлдеқайда қызықтырақ.

МАҢЫЗДЫ: Ата-аналардың балаға қолдау мен мақұлдау көрсетуі қажет. Дəл стресс кезінде бала əдеттегіден көбірек қолдау мен мақұлдауды қажет етеді. Əкесі мен анасы оны құшақтап , сүйіп , мақұлдап арқасынан қаққанын , т.б қалайды.

ОСЫДАН: "күніне 8 құшақтасу" тұжырымы осы жерде бұрынғы кезден бетер маңызды. Кез келген мүмкіндікті пайдаланып , баланы мақтаңыз. Əрбір бала оның ата-анасы оған үнемі көмекке келуге жəне қолдау көрсетуге дайын екенін көрсетуі керек. Одан өзіңізге көмек көрсетіп , қолдау жасағанын өтініңіз. Бұл оған өзін сіздің сүйенішіңіз ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.

 

СОНДЫҚТАН: Қай жастағы бала болмаса да, мейірімді, тактильді жанасулар санын барынша көбейтіңіз. Бұл тек құшақтасу ғана емес, түрлі классикалық ойындар (бала өсіп кеткені, ештеңе етпейді), қолмен жасалатын мас-саждар жəне т.б


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана привлечь граждан, к решению  социально-экономических проблем. Интеграциия на платформе 
учреждений социальной сферы 
и 
бизнеса, даёт уникальную
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это инструмент позволяющий информировать граждан о новостях происходящих в школе, в регионе и в стране. Сервисы дают возможность создания 
сообществ и обсуждений для
участия в процессе обучения
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц88
  • За неделю30
  • Вчера6
  • Сегодня7
  • Онлайн0