Меню KDT
kz ru en

введите текст

Бұйрық №235 2020 жылы 8 маусымы

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                         город Нур-Султан                                                                                                               

 

 

«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы  Заңының 5-бабы 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы  № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17948 болып тіркелген,«Әділет» Қазақстан Республикасы ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделгеніс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

 

А. Аймагамбетов

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 08.06.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 20837 болып енгізілді

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана привлечь граждан, к решению  социально-экономических проблем. Интеграциия на платформе 
учреждений социальной сферы 
и 
бизнеса, даёт уникальную
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это инструмент позволяющий информировать граждан о новостях происходящих в школе, в регионе и в стране. Сервисы дают возможность создания 
сообществ и обсуждений для
участия в процессе обучения
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц66
  • За неделю13
  • Вчера2
  • Сегодня1
  • Онлайн0