«Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ- мектеп-лицей» КММ-де ЖАЗҒЫ МЕКТЕП-2022 ашық деп жарияланады! Білім сапасын арттыру – ел болашағына қосылған сенімді үлес, сондықтан Бала жылында жаңашыл, дарынды, шығармашыл өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлгіміз келеді. Оқушылар үшін 26-мамыр таңертеңгілік мерекелік жиынмен басталды, онда Жазғы мектептің жұмыс тәртібі, мақсаттары мен міндеттері айтылды. Көңілді әндер, ырғақты билер, қуат беретін флешмоб. Мұндай бастама білімді жетілдіру қызықты және танымды болатынын білдіреді. Лицей оқушылары сабаққа қызыға кірісті, әркім өз білімін жетілдіре алады және қажетті дағдылар мен шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Қызықты робототехника сабақтары, зерттеулер мен тәжірибелер, сахналық өнер студиялары, спорттық ойындар әдеттегі мектеп өмірін тартымды етері сөзсіз. Каникулдың бірінші айы әрбір оқушы үшін пайдалы және нәтижелі болсын! Жазғы мектептің есігі барлығына ашық!
В КГУ «IT-школа-лицей имени Магжана Жумабаева» ЛЕТНЯЯ ШКОЛА-2022 объявляется открытой! Повышение качества знаний – надёжный вклад в будущее страны, поэтому в Год ребёнка хотелось уделить особое внимание подрастающему поколению, которое стремится к открытию нового, к творчеству и раскрытию талантов. Утро 26 мая для учеников началось с праздничной линейки, на которой был объявлен регламент работы, цели и задачи Летней школы. Весёлые песни, ритмичные танцы, заряжающий энергией флешмоб. Такое начало обещает, что восполнение знаний будет интересным и увлекательным! Лицеисты с радостью приступили к занятиям, на которых каждый сможет повысить уровень знаний, развить необходимые навыки и творческие способности. Интересные уроки по робототехнике, исследования и опыты, студии исполнительского мастерства, спортивные игры разнообразят привычную школьную жизнь. Пусть первый месяц каникул будет для каждого ученика полезным и эффективным! Двери Летней школы открыты для всех!