Нұр – Сұлтан қаласы №72 мектеп – лицейінде «Балдырған – 2022 жыл» жазғы лагерінде балалар жылы аясында 7 маусым «Сәлем, Жаз!» атты мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасады. Лагердің ашылу салтанатты іс-шарасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің ресми бекітілгеніне 30 жыл толып отырғаны жайлы атап өтілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды. Екінші бөлім концерттік бағдарламамен жалғасты. 15.06.2022ж оқушылар «Атамекен» Қазақстан картасы ашық аспан астындағы мұражайға саяхатқа барды. Мұражайда балалар Қазақстанның барлық қалалары мен тарихи ескерткіштерінің кішірейтілген модельдерін тамашалады. Сонымен қатар, лагерде оқушыларға спорттық ойындар, шығармашылық түрлі үйірмелер, дебат, тіл үйірмелері жұмыс жасады.