Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

« Мағжан жырлары »

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Есіл өңірі» қоғамдық саяси ақпарат газеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілінде шығады.

Сондықтан, әлеуметтік жүйеде қосылатын автоаударма үшін «Есіл өңірі» қоғамдық саяси газетінің редакциясы жауап бермейді.

Уақыт – Мағжан өлеңдерінің өміршеңдігін дәлелдеп берді.

Жазушы Мұхтар Әуезов : "Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайда... Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқырағын, өлеңнің әшекейін көрсетті...» деген екен. Мағжан Жұмабаев - ерекше жазу стилі арқылы қазақтың Пушкині атанған ақын. Ол әдебиет әлемінде лирикалық туындылар жазудың шебері деп танылды. Аумалы-төкпелі кезеңде өмір сүрген Мағжан Жұмабаевтың қысқа ғұмыры қиындыққа толы болды. Кезінде ұлы ақынды қаралап, оның поэзиясын батып бара жатқан күнге теңегендер болғанымен, Уақыт – Мағжан өлеңдерінің өміршеңдігін дәлелдеп берді.

Осыған орай, өткен аптада аудандық Мәдениет үйінде бүкіл елімізге әйгілі ақын, белгілі педагог – Мағжан Жұмабаевтың 131 жылдық мерейтойына арналған « Мағжан жырлары » атты өлең сайысы өтті.Сайысқа 6 мен 10 жас аралығындағы балалар мен 11-18 жас аралығындағы жеткіншектер қатысты. Бәрі де өте жақсы дайындалған екен, Мағжанның өлеңдерін суырып салып оқыды. Дегенмен, «Жүзден жүйрік» дегендей 6-10 жас аралығында 3 орынды Тоқтар Амир мен Алпамыс Жазира бөліссе, 2 орынды Асқар Айбике мен Асхар Нұрділдә бөлісіп, жүлделі 1 орынды Кенжеболат Айару жеңіп алды. Ең қызығы осы бүлдіршіндердің бәрі Новоишим № 2 мектебінен екен. 11-18 жас аралығында Мағжан Жұмабаев сайысына белсенді қатысқаны үшін Иманбай Еркін, Серік Аяжан, Карташов Роман, Бекенова Адина жеңіп алса, 3-орынды Шыныбаева Аяжан, Сегізбаева Назиля жеңіп алып, 2 орынды Ерболат Ақмаржан мен Айтбай Тілеген бөлісіп, 1-орынды Шарбекова Нұрайым жеңіп алса, бас жүлдені Шарбекова Аяулым жеңіп алды. Барлық Мағжан Жұмабаев сайысына қатысушылар мақтау қағазымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Шолпан Салықова


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда99
  • Осы аптада16
  • Кеше1
  • Бүгін2
  • Желіде0