На портале размещены около 1000 образовательных учреждений и несколько крупных районных и областных отделов образования. Цели портала является автоматизация и структурирования деятельности учреждений образования в единой цифровой среде а также развитие сферы образования путем ведения новых методов обучения посредством интеграции вспомогательных сервисов таких как e-learning c возможностью получения сертификации о прохождении обучения или повышения квалификации катирующееся как в странах СНГ, так и во всем мире.
Также платформа дает возможность быть вовлеченным в образовательные процессы не только учреждения но и населению, профильным специалистам, центрам по повышению квалификации путем создания курсов всеми желающими как на бесплатной основе так и с монетизацией
1 сентября одиннадцатиклассники приняли активное участие в физминутке в рамках "Концепции проведения физической зарядки" Министерства просвещения РК.
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 2025 - жылдың 2 ші қыркүйек күні 2-11сыныптар аралығында “Менің отаным Қазақстан” атты білім күніне арналған сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды терең білім мен тәлімді тәрбиенің егіз ұғым екенін түсіндіру. Сынып сағаты әнұран айтумен басталды. Сынып жетекшілері оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі. Сынып сағаты барысында оқушылар бір-бірімен еңбекқорлық, отансүйгіштік, адамгершілік құндылықтар тұрғысында пікір алмасты. Сынып сағатында қауіпсіздік сабағы, оқушыларға жедел қызмет көрсету орталықтарының қызметі туралы толықтай мағлұмат беріліп, дәптерге қысқаша конспект жазылды. Сабақ соңында сұрақ-жауап алынып, сабақ қорытындыланды. #Білімкүні #Біртұтастәрбие
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 1 Қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай, жаңа оқу жылына арналған "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиыны болды. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Абдрашов Найманхан Айдарханұлы, аудандық полиция бөлімінің қызмет жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Байжанов Биржан Исаұлы, ардагер ұстаз Амирова Адас Темірбекқызы қатысты. Салтанатты жиынды мектеп директоры Султанова Махаббат Төлегенқызы ашып, қатысушларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Әрі қарай іс - шарада мектеп оқушылары өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетсе, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті. Алғашқы қоңырау соғу құрметі 1 сыныпқа келген бүлдіршіндерімізге берілді. 1 қыркүйек - әрбір оқушы,әрбір ата-ана үшін ерекше әрі қуанышты күн. #Білімкүні #Адалазамат_біртұтастәрбие #Қауіпсіздік_сабағы