Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

Мектеп ғимаратында жарылғыш зат қойылған жағдайдағы іс-әрекет

Астана қаласы «№65 мектеп-гимназиясы» КММ-де 2023жылы 12-мамыр күні «Мектеп ғимаратында жарылғыш зат қойылған жағдайдағы іс-әрекет» тақырыбында оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.
12-мамыр күні сағат 13:05 уақытында мектептің күзет қызметкері күдікті затты анықтаған соң, оны қоршап, дереу мектеп директорына хабар беріп, «Дабыл» тетігін басты. «Дабыл» дыбысын естісімен кезекші мұғалім Кожкенова А.Ж. дереу хабарлау торабына барып «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА! Мектепте күдікті зат (жарылғыш зат) табылды, барлықтарыңыз негізгі және қосымша есіктерді пайдаланып, далаға шығыңыздар!» -деп хабар берді. Мектеп директоры 112 кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарласып, төнген қауіп жөнінде хабарлады. Барлық мұғалімдер, оқушылар, қызметкерлер эвауация сызбасы бойынша қосымша және негізгі шығу есігін пайдаланып, мектепті тастап шығып, мектептің алдыңғы жағына жиналды. Мұғалімдер оқушыларын түгендеп, мектепте қалып қойған ешкім болмады. Эвакуация комиссиясы түгендеу жұмысын жүргізіп, директорға баяндама жасалынды. Оқу-жаттығуға 5-басшылық құрам, 160 мектеп оқушылары, 15- мұғалім, 11- қызметкерлер қатысты.
Мектеп әкімшілігі Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің мектепке еш кедергісіз кіруін қамтамасыз етті. Ішкі істер органдарының қызметкерлері күдікті затты тексеріп қарап, еш қауіптілік жоғын хабарлады. Мектеп әкімшілігі мұғалімдер, оқушылар және қызметкерлермен түсіндірме жұмысын өткізді, қандай да бір күдікті зат табылған жағдайда дұрыс іс-әрекет тәртібімен таныстырды.
Астана қаласы Білім басқармасының «№65 мектеп-гимназиясы» КММ-і «Мектепте жарылғыш зат немесе басқа да күдікті заттар қойылған жағдайда» төтенше жағдайлар әрекетіне дайын.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
введите текст
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
введите текст
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • Осы айда71
  • Осы аптада22
  • Кеше1
  • Бүгін1
  • Желіде0