21 января на базе Калиновской СШ прошел районный этап республиканского конкурса "Жарқын болашақ",в котором приняли участие Ганюк Владимир и Нагашибай Мөлдір. По итогам конкурса Владимир занял 3 место. Поздравляем!
2026 жылдың 20 қаңтар күні "Заң және Тәртіп" айлығы негізінде құқықбұзушылыққа қарсы күрес бойынша ақпараттық-танымдық жұмыс 6-7 сыныптар аралығында жүргізілді. Қарасай АПБ ҚҚБ ЮПТ полиция капитаны Төкен Ерболат Сержанұлы, Қарасай АПБ көші-қон полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Б.Бекжігітұлы келіп, мектеп оқушыларына ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жалпы 6-7 сыныптар аралығында-141 оқушы қатысты.
2 “А” сыныбында дүниетану пәнінен А.Жумадилова “ Дұрыс тамақтана біл!” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ жүйелі жоспарланып, мақсатқа сай дескриптор мен тапсырмалар таңдалған. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары жоғары болды. Сабақ кезеңдеріне сай уақытты тиімді пайдалана отырып, ЖИ платформасын, тәжірибе алыңын, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, дереккөздерден мәлімет жинау, оқушының өзін-өзі бағалауы, сабаққа кері байланыс алу да қамтылды. Сабаққа қатысқан ұстаздар жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық шабыт тіледі.