9 ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай көңілді үзіліс ұйымдастырылды. Бұл ақынның 95 жылдық мерейтойына қатысты іс-шараның ашылуы ретінде өткізілді. Көңілді үзілісте ұстаздар мен оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жүрекке жақын жырларын оқыды.<br />Өлеңдері арқылы ақынды тағы бір қырынан таныдық.<br />Мұқағали – өлең емес, ол сезім.<br />Оның жырлары әр қазақтың жүрегінде өмір сүреді…