19 ноября была организована разъяснительная работа с родителями по поводу вакцинации учащихся 12-18 лет вакциной "Комирнати" (производитель компания Пфайзер, США). На собрании присутствовали заместитель акима Мамлютского района по социальным вопросам Тайменова Айслу Беляевна, руководитель управления санитарно- эпидемиологического контроля Мамлютского района Биккина Зейняп Халиуолловна, заведующая поликлиникой Мамлютской ЦРБ Тургынова Мадина Мадинетовна.
Ақпарат бұрышы
Балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялау қалай жүргізіледі?
Новоишим қазақ орта мектебі
9 "А" сынып Жусупова Дана
Новоишим қазақ орта мектебі
3"А" сынып Ермат Дастан
16 қараша 2021 жылы әлеуметтік ұстаз Байбулатова А.Н. " Балалық шақты бірге қорғайық" тақырыбында 1-11 сынып ата- аналарына онлайн түрде слайдтық презентация
жіберді.Сонымен қатар ата-аналарға Bala Qorgau телеграм чатының қізметі туралы ақпарат берілді.
15 қараша 2021 жылы мектептің өзін- өзі басқару ұйымы 5-8 сыныптар арасында "Әр баланың құқығы бар" сурет көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.
#адамқұқығыбалақұқығы
12 қараша 2021 жылы "Бала құқығы- адам құқығы" Республикалық айлығының және "Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ" онкүндігінің аясында 1-4 сыныптар арасында " Менің отбасым- менің қорғаным", 5-11 сыныптарда " Бақытты ана- бақытты бала- бақытты отбасы- бақытты ел" сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алтын қазығы өз туған ұясы екенін ұғындыру.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша 2021жылдың 6 қараша күні тәрбие ісінің орынбасары А.Ргебаева, психолог М.Берденова және әлеуметтік педагог А.Байбулатова "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізілді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға,қамқорлық жасауға, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында 6 қараша күні «Табиғатты аялап сақтайық!» үйдегі макулатураны жинау акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: экология проблемаларына және табиғи ресурстарды қайта пайдалану қажеттілігіне оқушылардың назарын аудару.
#күзгідемалыс2021
2021 жылының 5 қараша күні Қазақстан Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында аға тәлімгер Еслям Э.Г-ның ұйымдастыруымен
5 -сынып оқушылар арасында " Тарихи беттер" тақырыбында эрудит интеллектуалды ойын өткізілді.
#күзгідемалыс2021