Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері!

Естеріңізге саламыз!!!

Уважаемые родители! Законные представители детей!

Напоминаем!!!

Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспары бойынша " 2-4 сынып оқушылары арасында "Анаға сыйлық " қол өнер байқауы өткізілді.
17 қыркүйек 2021жылы «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Қазақстан халқы тілдер апталығы аясында "Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім" атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқу. Өлеңнің ой-мазмұнына сай , жігерлі оқу , көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу, машықтарын байқау, бағалау. Әділ -қазылар алқасы мүшелері: тарих пәнінің мұғалімі Дүйсенбин Е.Б.,қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жахина М.М., ағылшын тілі мұғалімі Аяғанова А.Б. оқушылардың мәнерлеп оқуларын бағалап, қорытындылады.
Нәтижесінде :
1 орын - Ергеш Кәусар, Шарбекова Аяулым (5сынып);
2орын - Айтбай Тілеген, Әділхан Расул (5сынып);
3 орын - Шарбекова Нұрайым (7а сынып),Естөре Нұрайым (5ә сынып)
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 14 қыркүйек күні Тілдер апталығы аясында 5-6 сыныптар арасында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінде "Үш тұғырлы тіл" атты викториналық- интеллектуалды ойын өтті. Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Үштілдік саясатын дамыту.
#Қазақстанхалқытілдеркүні
#ДеньязыковнародаКазахстана
#DayoflanguagesofthepeopleofKazakhstan
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" марафон тұжырымдамасы аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімін нығайту, Тәуелсіздіктің 30 жылындағы ҚР отандық ауыл шаруашылығының жетістіктері мен табыстарымен таныстыру; тәуелсіз жылдардағы ауыл мен қала дамуына шолу жасай отырып, мемлекеттің қазіргі кезеңдегі ауылдарға қатысты саясатына баға беру.
2021 жылдың 14 қыркүйек күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің 2004 жылғы және одан кіші оқушылар Привольный ауылында өткен аудандық "Күзгі кросс" жарысына қатысып, 2-ші жалпыкомандалық орынға ие болды.
Отбасы күніне арналған жоспарға сәйкес 3-11 сынып оқушылары "Ата-аналарыңызға телефон шалыңыз" челленджіне қатысты.
Қазақстан Республикасы халқы Тілдер күні фестивалі аясында Новоишим қазақ орта мектебінде Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай " Ыбырай Алтынсарин мұрасы - мәңгілікке қазына" атты орта буын оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Байқау нәтижесінде 5- сынып оқушылары:
Шарбекова Аяулым І орынға,
Естөре Нурайым ІІ орынға, Шаукенова Амина ІІІ орынға ие болды.
Эсторе Нураим, ученик 5- летие поэта, посвященный 180-летию Ибрая Алтынсарина, участника районного тура поэтического конкурса поэта Дня языков РК
Қазақстан Республикасы халқы Тілдер күні фестивалі аясында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ақынның өлеңдері бойынша мәнерлеп оқу конкурсының аудандық турына қатысушы 5 «Ә» сынып оқушысы Шарбекова Аяулым.