Шу ауданы, Төле би ауылы

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)

2025 жылдың 5 маусым күні мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын белсенді әрі мазмұнды күнмен жалғастырды.

Күннің алғашқы сәті оқушылардың сергектігін арттыратын таңғы жаттығумен басталды. Одан кейін оқушылар мектебіміздің мол қазынаға толы кітапханасына барып, "Кел, балалар, оқылық!" ұранымен қызықты кітаптар әлеміне саяхат жасады.

Сонымен қатар, табиғат аясында эстафеталық спорттық ойындар ұйымдастырылып, балалар белсенділік танытты, командалық рухты дамытты.

Күннің маңызды бөлігінің бірі ретінде мектеп психологы топ оқушыларымен психологиялық тренинг жүргізіп, балалардың көңіл-күйін көтеріп, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жаттығулар өткізді.

Осылайша, лагердегі бүгінгі күн оқушылар үшін өте қызықты, пайдалы және әсерлі өтті.