Книжная выставка «1 желтоқсанға дейін – День Первого Президента РК», «Еліне сүйікті Елбасы!», «Елбасы өмірбаяны – ел тарихы»
Новоишим қазақ орта мектебінде 2020 жылдың 10 тамыздан бастап 20 қыркүйекке дейін "Қауіпсіз мектеп ортасы" атты республикалық акциясы ұйымдастырылды. Әлеуметтік ұстаздың ұйымдастырылуымен 8-11сыныптар арасында "Кибербулинг дегеніміз не?" атты слайд көрсетілді. 5-6 сыныптар арасында әлеуметтік желілердегі анонимді қорқыту туралы кибербулинг бейнероликтер көрсетілді. 6-8 сыныптар арасында кәмелетке толмағандар құқығын қорғау туралы баяндама берілді. Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау туралы ата-аналарға жадынама таратылды. "Жолда жүру ережесі"бойынша бейнероликтер көрсетіліп, "Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі" тақырыбында суреттер салынды.
18 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің оқушылары мен ұстаздары "Психоактивті заттардың, темекі шегудің, электронды темекінің, спайс, снюс, есірткінің алдын алу" тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысты. Семинарда осы зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсері, одан пайда болатын аурулар туралы айтылды. Балалардың денсаулықтары мықты болу үшін салауатты өмір салтын сақтау, физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау өте маңызды екені ескертілді.
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Отбасы күніне орай 9-11 сыныптарда «Отбасылық құндылықтар-мәңгілік» тақырыбында онлайн сынып сағаттары өтті.
Мақсаты:
Отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету, ата - ана және бала қарым - қатынасы өзара байланысын қалыптастыру. Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.
7-14 қыркүйек аралығында Тілдер күнінің онкүндік аясында Новоишим қазақ орта мектебінің «Қызылжар» шағын орталығының тәрбиеленушілері және 1- 4 сынып оқушылары « Халықтың достығы-тілдердің достығы» тақырыбында сурет байқауына қатысты.
Сонымен қатар қазақ тілі пәнінің мұғалімі М.М. Жахинаның жетекшілігімен 11сыныптарда «Ұш тұғырлы тіл» онлайн-викторина ойыны өтсе, 4ә сыныбында орыс тілі пәнінің мұғалімі М.Ч. Жұмағалиеваның жетекшілігімен «Полиглот» интеллектуалды ойыны өтті.
Новоишим қазақ орта мектебінің 0-4 сынып оқушылары Отбасы күніне орай «Балалар – отбасы бақыты» атты фотокөрмеге қатысты. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Отан – отбасынан басталатынын оқушылардың ата-аналармен бірлесе жасаған фотосуреттерден байқауға болады. Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасы - отанымыздың ошағы.
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 8 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының тілдер күні аясында 2 ә сыныбында А.Т. Смагулованың жетекшілігімен ағылшын тілінде сыныптан тыс іс-шара өтті.
7 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдер күніне орай жоспарға сәйкес Новоишим қазақ орта мектебінің 1-11 сыныптарында оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, оқушылардың тілге деген құрметін, қадір-қасиетін дамыту мақсатында «Мәңгілік ел – Мәңгілік тіл» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Новоишим қазақ орта мектебінің «Қарлығаш» жазғы мектеп жанындағы лагері қашықтықта 4—ші аптада келесі іс-шараларды іске асырды:
29.06.20 ж. «Менің ауылым». Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында оқушылар өз ауылдары туралы сурет салып, «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойынын ойнады.
30.06.20 ж. «Абай дана, Абай – дара қазақта». Абай атамыздың 175 жылдығына орай оқушылар өлең жолдарын мәнерлеп оқыды.
01.07.20 ж. 1 шілде – ұлттық домбыра күні аясында оқушылар «Домбыра - аңызға айналған аспап» тақырыбында Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күйлерін тыңдады, сонымен қатар жанға арналған құрал домбыра туралы әңгіме жүргізілді, «Әр түрлі ғасырлар бойы домбыраның дыбысы өшпейді» тақырыбында бейнероликтер тамашалады.
Сонымен қатар бұл күні сақтық шаралары, дарумендер қабылдау іс-шаралармен жалғасты. Балалар қазіргі қауіпті жағдайға байланысты өздері сақтық шараларын ұстанып, барлықтарын қатан ұстануға шақырды.
02.07.20 ж. «Менің достарым». Оқушылар өздерінің достары туралы қызықты бейнеәнгімелер айтты.
03.07.20 ж «Менің Астанам» . Бұл күні оқушылар «Нұр- Сұлтан – ұлы дала Астанасы» тақырыбында суреттер салды, «Ұлы қала» тақырыбында бейнероликтер тамашалап, «Нұр - Сұлтан қаласының көрікті жерлері» виртуалды саяхат жасады.
В нашей школе прошла книжная выставка "Листая страницы истории".Ответственная библиотекарь Дауренбекова Д.К .....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................