Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, бағалап қастерлей білуге, оқушылардың ою - өрнектерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында 13 қараша күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің 4-9 сынып оқушылары сәнді-қолданбалы өнер бағыты бойынша «Отбасылық шеберхана» атты ата-аналардың шеберлік сыныбына қатысты. Сонымен қатар сәндік бұйымдар жасауда түрліше композициялық шешім жасауды және әсем сәндік жұмыстарды жобалаудағы бейнеролигін тамашалады.
Ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 9 қараша күні жоспарға сәйкес «Менің Отаным - Қазақстан» балалар суреттерінің онлайн көрмесі өтті. Аталмыш іс-шараға 0-8 сыныптар қатысты.
Ағымдағы жылдың 6 қарашасында жастармен бірлесе аграрлық-техникалық колледжінің студенттері , №2 Новоишим орта мектебінің ,Новоишим қазақ орта мектебінің "еріктілер" клубының мүшелері "Жеңіс" саябағында, "Қара қызғалдақ" ескерткішісінде өткізілген экологиялық сенбілікке қатысты.
«Қазақстан балалары - күзгі интерактив!» күзгі демалыс аясында 7 қараша күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің 9-11 сынып оқушылары кәсіптік бағдар бағыты бойынша Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат жасады. Яғни Facebook @ bala.edu.gov.kz , Instagram @kord_mon_rk ресми парақшаларында жарияланған ақпаратпен толық таныс болып, ҚР жоғары оқу орындары туралы, факультеттері мен мамандықтарының тізімімен, оқу мерзімімен, еңбек нарығындағы мамандыққа сұранысы туралы ақпарат алды.
2020 жылдың 5 қарашасында Новоишим агро-техникалық колледжінде Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан волонтерлер Лигасына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Аталмыш іс -шараға Новоишим қазақ орта мектебінің белсендіі еріктілері Кожахметова Даяна Жане Молдаш Гулим қатысты .
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің "Еріктілер" клубының мүшелері Жолбарыс Әсет, Елемесов Еркін, Елемесов Жанболат, Давлетназаров Еркебулан, "Асар" акциясы аясында жалғыз басты тұратын қарт адам Карабань Антонинаға барып, көмір кіргізуге көмектесті.
Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы «Қызыл жар» шағын орталығында алтын күз мерекесі өтті. Мақсаты: кішкентай бүлдіршіндерге күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру.
Іс-шара барысында мерекелік көңіл – күй орнатылып, балалар ән салып, би билеп, түрлі іс - әрекеттерге тартылды.
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де оқушылардың күз мезгілінің ерекшеліктерін, табиғатқа сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу , қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Алтын күз» мерекесіне арналған іс-шаралар жүргізілді. 0-4 сынып аралығында «Күз ханшайымы» және «Күз ханзадасы» онлайн – байқауы өтсе, 5-8 сыныптар аталмыш тақырыпқа қол өнерлерін ұсынды. 9-11 сынып оқушылары кез келген техникада суреттер салып, фотокөрмеге қатысты.
Нәтижесінде: «Күз ханшайымы» 2А сынып оқушысы Егінбай Қаматай, ал «Күз ханзадасы» атағын 2 А сынып оқушысы Серік Али иеленді.
Қол өнер көрмесінде: 1 орын Габдулсаматова Толғанай /7 ә сынып/, 2 орын Бекболат Сати /7а сынып/
Сурет байқауы: 1 орын Бауыржан Аружан /10 а сынып/, 2 орын Калишева Аружан /10 а сынып/.
Барлық қатысқан оқушылар мадақтамалармен марапатталды.
Адам психикасының саулығын сақтау мен жетілдіру негізі салауатты өмір салты болып саналады: ойлау мен еңбек ету әрекеттерінің тиімді күнтәртібі, жан дүниесінің ахуалы мен қанағаттануы.
Қазанның 19-30 аралығында Новоишим қазақ орта мектебі психологтары Сердалина Т.Б мен Жахина А.М ұйымдастыруымен «Мен мықты болсам, Қазақстан да мықты» деген тақырыппен психологиялық денсаулық онкүндігі өтті. Онкүндік барысында мынадай іс шаралар ұйымдастырылып өткізілді: «Өзіңнің көңіл-күйіңді көтеріп қуана біл» 8 сынып оқушыларына араналған дәріс, «Кибербақылау» ата-аналарға арналған түсіндіру жұмысы 5-11 сыныптар, «Досыңа тілек» тілектер тақтасы 5-6 сыныптар, «Өмір ғажап» плакаттар сайысы 1-4 сыныптар, «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз» акция шағын орталық, «Коронавирустан сақтану жолдары» кезекші сыныптарға медбике кеңесі, «Көңіл күй кемпір қосағы» тренинг 1-4 сыныптар, «Жақсы көңіл күй жан азығы» мұғалімдерге арналған тренинг, «Зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсері» дәріс, «Теннистен жарыс» мұғалімдер арасында. Онкүндікті өткізуге ТІО Амиржанова Б.К, Мусаибова Г.Т, әлеуметтік ұстаз Байбулатова А.Н, медбике Жараспаева А.Қ, дене шынықтыру пәні мұғалімдері Коккых Қ, Жабагин Т.Е ат салысқан мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз.
Новоишим қазақ орта мектебінде 22.09-25.10.2020ж. аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты республикалық акциясы ұйымдастырылды. Әлеуметтік ұстаздың ұйымдастырылуымен 5-8 сыныптар арасында «Жолда жүру ережесі» бойынша бейнероликтер көрсетілді және жол қозғалысы ережелерін түсіндіру туралы презентация өткізілді. 06-09 қазан аралығында жол қозғалысы ережелерін және өзін сақтау шаралары бойынша 0-11 сыныптар сынып сағаттарын өткізілді. Әлеуметтік ұстаздың ұйымдастырылуымен 5-7 сыныптар арасында «Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі» тақырыбында сурет байқауларын өткізілді. 1-4 сыныптар арасында психолог А.М.Жахина «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында флеш-моб ұйымдастырды. 21-23 қазан аралығында психолог Т.Б.Сердалинаның ұйымдастырылуымен «Тағдырымның бақытты билеті» тақырыбында тренинг өткізілді.