<span class="x193iq5w xeuugli x13faqbe x1vvkbs x1xmvt09 x1lliihq x1s928wv xhkezso x1gmr53x x1cpjm7i x1fgarty x1943h6x xudqn12 x3x7a5m x6prxxf xvq8zen xo1l8bm xzsf02u x1yc453h">23 қаңтар күні тарих пәні мұғалімі Омбаева Гүлнұр Бақытқызы «Қазақстандағы ұжымдастыру» тақырыбында 8 «Б» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: кеңестік ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптары мен демографиялық өзгерістерді талдау болды. Мұғалім сыныпты үш топқа ұтымды, тақырыпқа сай бөліп, «Біліміңді таныт» айдары арқылы өткен білімді тексерді. Жаңа білімді Мекемтас Мырзахметұлының өмірінің сұрапыл кезеңінен үзінді келтірілген бейнематериалымен бастап, балалардың назарын «Ұлы нәубет» сөзіне аудара отырып, тақырыптың мазмұнын аша білді. Мәтінді бөліп бере отырып, әр топқа «Сұхбат», кестемен жұмыс, картамен жұмыс, рөлдік ойындар топтық тапсырмалары берілді. Оқушылар ізденіспен, ерекше құлшыныспен тапсырмаларды орындады. Жұптық тапсырмалар арқылы зерттеу сұрағына оқушылардың назарын аударды, жеке тапсырмалар беріліп, сабақ мазмұны бекітілді, ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптары мен демографиялық өзгерістері талданды. Сабақ мақсатына толық жетті. Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау арқылы оқушылар бағаланып, сабақтың барысы жайлы оқушылар тарапынан ауызша, жазбаша кері байланыс берілді.</span>