М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) дебат үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен 9 сынып мектеп дебатшылары қоғам қызметкерлерімен кездесу жасады. «Қазыналы қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деп халқымыз айтқандай ауданымызда көп жылдар бойы еңбек етіп, қоғамға қызмет жасаған қоғам қайраткері ауданымызға еңбегі сіңген Құрметті азаматы «Шу өңірі» газетінің бас редакторы, журналист, ақын, публицист Ахметжан Қосақовпен және ауданымыздың «Ардагерлер кеңесі» орталығының алқа мүшелері ұлағатты ұстаздар Бейсенбаева Дания және Бастаубаева Сұлутай апамызбен оқушылар танысып, жүздесіп, сұхбаттасып қайтты.

Мақсаты: Мектеп дебат мүшелері қоғамдық қызметкерлермен «Ашық микрофон» форматында кездесуін ұйымдастыру арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, еркін пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру және қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамайтын белсенді азамат тәрбиелеу.

Кездесу барысында ардагер ұстаздар өздерінің еңбек жолында, шәкірт тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдері туралы әсерлі әңгімелер айтты. Дәния апамыз 40 жылдан аса уақыт С.Шәкіров мектебінде ұстаздық қызмет атқарған. Қазақ халқының батыры, Желтоқсан оқиғасына қатысушы «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбеков ағамыздың ұстазы болғаны

туралы және өзінің шәкірттерінің әлі күнге дейін хабарласып тұратыны, шет мемлекеттен білім алып, сол алған білімдерімен қазіргі таңда елімізге қызмет көрсетіп жүргендері туралы мақтана айтты.

Сұлутай апамыздың өмір жолы метепте аға тәлімгерліктен басталып, содан Аудандық комсомол комитетінде , аудандық пионерлер үйінде, аудандық білім бөлімінде әдіскер , маман, бас маман болып, 2011жылы Президентіміздің «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» жарық көріп, сол бағдарлама бойынша аудан әкімі Жабағиев Қожахан Көкірекбаевичтің бұйрығымен «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының» директоры қызметіне шақырылып, 5 жыл қызмет еткен. Содан кейін «Нұр отан» партиясының басшысы болып тағайындалып , сол жерден зейнетке шыққан. Сұлутай Абдулиқызының арманы мұғалім болу еді , бірақ, ол кісі білімділігінің арқасында басшылықта қызмет жасағанын айтты.

Келесі кездесуіміз ауданымызға еңбегі сіңген Құрметті азаматы «Шу өңірі» газетінің бас редакторы, журналист, ақын, публицист Ахметжан Қосақовпен болды. Оқушылармен үйіне барып ағаймен жүзбе- жүз кездесіп, әңгімелесіп қайтты. Ол кісі өзінің журналист болып жұмыс атқарғанына еш өкінбейтінін айтты. Аудандық баспаға алғаш жұмысқа келгенімде бас редактор Кеңес одағының батыры Сәду Шәкіров туралы мақала жазуды бұйырды. Совет өкіметі уақыты парторог болып жұмыс істеген әйелдермен қызылша тазалап отырған кезінде танысқанын айтты .

Алғаш мақала жазуып журналистік қызметін аудандық баспада басталды. Бас редактор Кеңес одағының батыры Сәду Шәкіров туралы мақала жазуды бұйырды. Бұрынғы Киров ауылындағы егіс алқабында ауыл әйелдерімен қызылша тазалап отырған кезінде танысқанын айтты. Ол кезде Сәду Шәкіров парторг болып қызмет атқарған екен.

Ахметжан атамыздың «Сезім тамшылары » атты өлеңдер жинағы, «Ар Әмірі» атты Сәду .Шәкіровке арналған туындысы, «Әбдімомын әлемі» атты Әбдімомын Желдібаевқа арнап шығарған кітаптары бар.

Кездесу соңында апа - аталарымыз балаларға: « Бүгінгі кездесуде біз өз өмір тәжірибемізбен бөлісіп, сіздермен ой алмасқанымызға қуаныштымыз. Сіздер – еліміздің болашағысыздар. Сондықтан білімді, тәрбиелі, елін сүйетін азамат болып өсуге талпыныңдар. Әрқашан ізденісте болып, үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, алға қойған мақсаттарыңызға нық қадаммен жете біліңіздер. Еңбектенуден ешқашан жалықпаңыздар, себебі табысқа тек еңбек арқылы жетуге болады» деп баталарын берді

«Суды үнемде – болашақты сақта»

Мектебімізде YouTube каналы арқылы 10–11 сынып оқушыларына арналған бірыңғай сынып сағаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға судың адам өміріндегі, табиғаттағы және жалпы экожүйедегі маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Мақсаты: білім алушыларға судың маңызын ұғындыру, табиғи ресурстарды тиімді әрі ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, экологиялық жауапкершілікті арттыру.

Сынып сағаттары барысында оқушылар:

Судың тіршілік көзі екендігін түсінді

Суды үнемдеудің қарапайым жолдарымен танысты

Су тапшылығының алдын алу жолдары туралы ой бөлісті

Табиғатты қорғау бағытында өз ұсыныстарын айтты

Сонымен қатар, оқушылар арасында тақырыпқа байланысты пікір алмасу, сұрақ-жауап, ұйымдастырылды. Бұл шара оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін күшейтті.

Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Суды үнемдеу арқылы біз болашақ ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдырамыз!

#СудыҮнемде

#БолашақтыСақта

#БірыңғайСыныпСағаты

#Экология

#ТабиғаттыҚорғау

«Жастар – ел болашағы» тақырыбындағы жиын!

Мектебімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 9–11 сынып ұлдарымен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Жиынға Шу ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы, Төле би ауылының бас имамы Талғат Кәрібайұлы және Шу аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Кожахметов Мадияр Қырықбайұлы қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және қоғамдағы тәртіптің маңызын түсіндіру.

Кездесу барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңінен ақпарат беріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, жастардың ел болашағындағы орны мен жауапкершілігі туралы ой-пікірлер айтылып, мазмұнды әрі белсенді пікір алмасу өтті.

Саналы, білімді, тәртіпті ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!

#қауіпсіз_қоғам

Мектебімізде "Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар" жобасы аясында

"Академиялық адалдық және парасаттылық сағаты" тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәрістің мақсаты – білім алушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту.

Дәріске мектебіміздің 9 "А" сыныбының оқушылары қатысты. Іс-шара барысында академиялық адалдық ұғымы кеңінен түсіндіріліп, білім алу процесіндегі шынайылық пен еңбектің маңызы атап өтілді. Оқушылар өз ойларын білдіріп, тақырып аясында пікір алмасты.

Адал ұрпақ – әділетті қоғамның негізі!

16.03.2026ж. М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) химия,ағылшын тілі,бастауыш сынып,информатика пәні мұғалімдері-А.Халық,А.Касенова,Л.Казимова,Н.Исрафилова ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект сияқты жаһандық трендтің мүмкіндіктерімен кедергілері» тақырыбында мазмұнды семинар өткізілді.

Семинардың басты мақсаты-білім беру үдерісіне жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді енгізу,мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және заманауи оқыту әдістерін тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету болды.

Іс-шара барысында қатысушылар жаңа технологиялардың оқу сапасын арттырудағы маңызын түсініп,түрлі цифрлық платформалармен жұмыс жасап,тәжірибе алмасты.Семинар жоғары деңгейде өтіп,ұстаздарға тың идеялар мен шабыт сыйлады.