<div>«Табиғатты қорғайық».</div><div>Сабақтың мақсаты:оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жасай білуге , жанашырлық сезімге баулу, табиғат жөніндегі ой – өрістерін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, тілін дамыту. Табиғат ажарын сақтап, оған қамқор болып қамқорлық жасайтын қорықтар туралы танымдарын арттыру. Табиғатты сүйе білуге оны қорғауға,ұйымшылдыққа, аялауға тәрбиелеу.</div>
02.12 күні 4А сыныпта "Табиғатқа қамқорлық жасайық" атты сынып сағаты өтті. Өткізген практикант Сатан Ақнұр Бақытжанқызы. Сынып сағатында балалар табиғатқа келтірілген зиян туралы айтты. Және де табиғатты қорғауға біз де өз үлестеріні қоса алатындары туралы білді
9 желтоқсанда әлемде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіледі. Осыған байланысты, 2.12.24 күні 10 «А» сыныбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта парасаттылық, адалдық, әділдік туралы «Адалдық сағатын» өткізілді. Осы тақырып аясында бейнероликтер көрсетілді.