Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

Қыздар апталығы

«Халықаралық қыздар» апталығына  арналған Ақсу негізгі мектебінде өткізілетін іс-шаралар есебі

4 қазан күні  тәрбие ісінің орынбасары Абишева А.К«Қыздар күніне » арналған құттықтау қағаздарын таратып , жоспармен таныстырды.

  5 қазан  Какжанова Ж.А қыздар арасында «Эрудит» викторинасын 5-9 сынып қыздарымен  ұйымдастырды.Бұл викторинаның  мақсаты: «Қыз баланы тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз» қағидасымен қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүр мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту, қыз бала тәрбиесіндегі тәлім-тәрбиенің рөлін көрсету. «Қазақ қызы бүгінгі, қандайсың ?» атты бейнебаян көрсетіліп, қазақ қыздарына қазіргі қоғамда көңілдеріңіз тола ма ? т.б сұрақтарға жауап бере отырып ой бөлісті. «Алты қалпақ» әдісі арқылы сұрақтар қойып талқыланды. Әрқашан өзіміз тәрбиелеп отырған қыздарымыздың бойынан тек қана жақсы қасиеттерді көріп жүрейік деп тілек білдірілді.
  


   8 қазан күні  7,8,9 сынып қыздары мен мұғалімдер арасында «Мен қатыгездікке қарсымын »   тақырыбында  оқушылармен  әңгіме жүргізілді. Оқушылар мен мұғалімдерді топқа бөліп, әртүрлі тапсырмалар берілді. Қиынды суреттерден әр топ өз коллажын дайындап, постерлерін қорғады. Ортаға шығып түрлі ойындар ойнатылып, осы тақырыпта жағдаяттар көрсетілді. Әңгіме соңы кофе-брейкке ұласты.

  

  



9 қазан күні қыздар күніне арналған «Қыз өссе елдің көркі»  ашық  сынып сағаттары  өткізді.  Мақсаты халқымыз ерте кезден – ақ адамгершілікті, әдепті бағалай білген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде  жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көрегенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой. Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай, осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу– ата – ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті екенін ұғындыру.



11 қазан күні   « Тек қыздар арасында...» дөңгелек үстел ұымдастырылды

Мақсаты: Оқушылардың бойында әдептілік, сыпайлық, инабаттылық, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті болу қасиетін қалыптастыру. Өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның   жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру, адамгершілікке, жүйелі ойлауға дамыту.Сыныптас құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата – баба салтын қастерлеуге , жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелеу.

Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. « Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз » - деп бекер айтылмаса керек.

 Дөңгелек үстелге 5-9 сынып қыздары мен ұстаздар қатысты. Жауапты Карабаева Э.М және Смаилова Ш.А болды.

  

10 қазан «Қыздар гигиенасы»  атты медбикемен әңгіме жүргізілді .Әңгіме барысында қыздар өздеріне  керек сұрақтарға жауап алды .

  

Тәрбие ісінің орынбасары:  Абишева А.К




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана
привлекать граждан, 
к обсуждению решений 
 
социально-экономических 
проблем. Интеграциия
на платформе 
учреждений
социальной сферы и 
бизнеса, даёт уникальную 
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это
инструмент позволяющий
информировать граждан
о новостях 
происходящих в
школе, в регионе и в стране.
Сервисы дают возможность
создания 
сообществ и
обсуждений для 
участия
в процессе обучения 
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц70
  • За неделю22
  • Вчера2
  • Сегодня1
  • Онлайн0