Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

«Абай әлемі» атты әдеби -сазды кеш

27 қараша күні №22 мектеп-гимназиясы қабырғасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған  «Абай әлемі» атты әдеби -сазды кеш өтті.
Іс-шара мақсаты:
-Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі,  «Абай»  фильмінен үзінді, презентация. 
Кеш қонақтары:
  1. Нұр-Сұлтан қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық Музыкалық Драма театрының белгілі актері, әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Абай әндерін орындаушы Касымхан  Бұғыбай.
  2. Қаламыздағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің оқытушысы, филология ғылымының  профессоры   Жаңыл Нығызбайқызы
Өлмейтін артына сөз қалдырған кемеңгер Абай Құнанбаевқа – 175 жыл толып отыр. Абай атамыздың мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отырған әдеби-сазды кешіміз –  Қазақтың ғұлама ақыны, ойшыл , ағартушы Абай рухына арналады.
Бүгінгі әдеби-сазды кешіміз жоғары дәрежеде өтті.  «Ритм данс» би тобы кешті қазақ  биімен  салтанатты түрде ашты. Мектеп оқушылары әдеби монтажда өлеңдерін мәнерлеп, пайымдап оқыды. Ал сахнада 9 «Г» сынып оқушысы Ткач Анастасия  «Әсемпаз болма әрнеге...» өлеңін  көрермендердің қошеметіне бөленді.Сондай ақ 11 «Б» сынып оқушысы Скнарина Полина  әсем  дауысымен  «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін тамаша орындап, өзін-өзі сахнада ұстай білді. Мектебіміздің ән және музыка пәнінің  мұғалімі Кабиева Жанар Каиргельдиновна «Қараңғы түнде тау қалғып...» әнін аса шеберлікпен орындады. 7- ші сынып оқушылары Абайдың  «Он жетінші сөз» (қарасөз) қойылымын ұсынды. Бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айымгүл Жақсылыққызы «Ескендір» поэмасынан  үзіндіні нақышына келтіріп оқыды.  Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері «Абай жолы» эпопеясынан үзіндіні сахналық көрініс ретінде көрсетті. Қатысқан ұстаздар үлкен  шеберлікпен өз рөлдерін сомдады.
Әдеби-сазды кешіміздің аяғында келген қонақтарға сөз берілді.
Нұр-Сұлтан қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық Музыкалық  Драма театрының белгілі актері, әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Абай әндерін орындаушы Касымхан  Бұғыбай сөз алды. Өз сөзінде бүгінгі кеш жоғары дәрежеде өткендігін және ерекше ән, өлең айтқан оқушыларды, мұғалімдерді  атап өтті. Өзінің қоржынында әкелген Абайдың қара сөздерін ,үш  өлеңін көрермендерге тарту етті.
  Еуразиялық Ұлттық Университетінің оқытушысы, филология ғылымының  профессоры   Жаңыл Нығызбайқызы сөз алып өз ризашылығын білдірді.
Мектеп директоры тәрбие жөніндегі орынбасары Нургалиева Алтынай Калиевна өз сөзінде  келген қонақтарға, қатысқан қауымға алғысын білдірді.
    Мектеп акт залы көрермендерге толы болды. Олар қошеметтерін аямай, ду қол шапалақтап отырды.
 
Орындаған ӘБ жетекшісі: М.Нурова

Әдеби-саздың көріністері:
  

  

  


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана
привлекать граждан, 
к обсуждению решений 
 
социально-экономических 
проблем. Интеграциия
на платформе 
учреждений
социальной сферы и 
бизнеса, даёт уникальную 
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это
инструмент позволяющий
информировать граждан
о новостях 
происходящих в
школе, в регионе и в стране.
Сервисы дают возможность
создания 
сообществ и
обсуждений для 
участия
в процессе обучения 
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц71
  • За неделю22
  • Вчера1
  • Сегодня1
  • Онлайн0