желтоқсан айында өткен «Қауіпсіз интернет» онкүндігі өтілуі туралы мәлімет.
6.12.-13.12 аралығында ата-аналарға, балаларға қауіп тудырмайтын ғаламтор жөнінде ақпарат тарату мақсатында «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқан ұйымдастырылды.
Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Осыған орай, Өрнек негізгі мектебінде осы науқанға байланысты жоспар құрылып, бекітілді. Аталған онкүндіктің өткізуге жоспарланған барлық іс – шаралар толық атқарылды және өз нәтижелерін көрсете білді. 1 – 9 сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 1-9 сыныптар арасында «Интернет деген не?», «Қауіпсіз интернет әлміне саяхат», «Интернет желісінде», «Керекті және қауіпсіз Интернет» тақырыбына тәрбие сабақтарын өткізді. Науқан барысында дөңгелек үстелдер, баяндама, дебат балаларға арналған шығармашылық байқаулар, ата-аналардың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланды.
Посмотреть новость на сайте учреждения