Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

«Мен Ауған соғысы жайлы не білемін?» бірыңғай сынып сағаты




 2022 жылдың 15 ақпан күні 5-11 сынып оқушылары арасында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шыққанына 3 жыл толуына арналып өткізілген «Мен Ауған соғысы жайлы не білемін?» бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге және ардагерлерді құрметтеуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту. Сынып сағаттарында оқушылар «Мен Ауған соғысы жайлы не білемін?» тақырыпты аша білді. 10 «Б» сынып оқушылары мектебіміздің 5 түлегі Ауған соғыс ардагерлері А.Я. Шанц, А.А. Кравцов, О.И., Царьков, А.К. Давлетбаев, В.А. Нестеровтердің ерліктері жайлы айтып өтті. «Ауған соғысы» жайлы бейне таспаны көріп, соңында оқушылар өз ойларын ортаға салды. Сынып оқушылары Ауған соғысы жайлы өлең жолдарын да айтып шықты. 16 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шыққанына 33 жыл толуына арналып волейболдан жолдастық кездесу өткізілді. Жолдастық кездесуге Ауған соғыс ардагерлер, Қамқоршылық кеңесі, №15 мектеп мұғалімдері және №15 мектеп оқушылар командасы қатысты. Волейбол жарысында әр команда жақсы ойнап, алған ұпай сандары бойынша жеңіске жетті. 1 орын: Ауған ардагерлері командасы 2 орын: 15 мектеп-лицей оқушылар командасы 3 орын: №15 мектеп-лицей мұғалімдер командасы 3 орын: Қамқорлық Кеңесі командалары ие болды. Ойын соңында жеңімпаздар Кубок және мадақтама қағаздарымен марапатталды. Құттықтаймыз!!! 16 ақпан күні мектебімізде «Ауғанстан соғысы: шындық, тарих, тағылым» тақырыбында ауған соғыс ардагерлерімен кездесу іс-шарасы өткізілді. Кездесуге: 1.Кездесуге Елубаев Кайрат Мендыбаевич- жауынгер-интернационалист, 2-і дәрежелі «Айбын» ордені және «Ерлігі үшін» медалінің иегері. 2.Бейсекеев Галы Ибряшевич- интернационалист-жауынгер, Қазақстан Республикасының «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалінің, КСРО «Ерлігі үшін» медалінің иегері. 3.Омаров Канат Калиаскарович- жауынгер-интернационалист, 2 «Ерлігі үшін» медалінің кавалері. 4. Кравцова Лидия Александровна -ауған соғыс ардагері А.А.Кравцовтың туған қарындасы. 5.Каскарауов Артур Нурдаулетович-майор, Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары қатысты. сөзін білім саласының ардагері, ұлағатты ұстаз Сейфулла Сақтайұлына берілді. Ардагерлер оқушылармен сұхбат барысында бастарынан өткен жағыдайларды айтып өтті. Осы кездесуде жауынгер-интернационалист Елубаев Кайрат Мендыбаевичті Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, майор- Артур Нурдаулетович Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің атыннан мақтау қағазын табыс етті. Іс-шарада біздің мектептің бес түлектері, ауған соғысында қаза болған ардагерлер туралы фильм, слайдтар көрсетіліп, оқушылар өлең жолдарын оқыды. Келген қонақтар оқушылар қойған сұрақтарға жауап бере отырып, оқушыларды елін, жерін сүюге, патриоттық сезімде болуға шақырды. «Ауғанстан соғысы» туралы видеохроикадан кейін А. Кравцовтың үлкен әпкесі Александардың басыннан кешкен оқиғаларды айтып, көзіне жас алды. Ардагер Қайрат Мендыбаевич өз сөзінің соңында, мектеп ұжымына рақметін айтып, кітапхана қорына әдеби кітаптар сыйлады. Оқушылар ардагерларге өлең айтып, өлең жолдарын оқыды және 8 сынып оқушылары «Жылдар сөйлейді» атты 1979-1989 жылдар аралығында Ауған елінде болған маңызды оқиғалар хроникасына тоқталып өтті. Мектеп оқушылары ауған соғыс ардагерлерінің ерліктеріне әрдайым бас иіп, үлгі тұтындарын айтты.




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана
привлекать граждан, 
к обсуждению решений 
 
социально-экономических 
проблем. Интеграциия
на платформе 
учреждений
социальной сферы и 
бизнеса, даёт уникальную 
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это
инструмент позволяющий
информировать граждан
о новостях 
происходящих в
школе, в регионе и в стране.
Сервисы дают возможность
создания 
сообществ и
обсуждений для 
участия
в процессе обучения 
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц71
  • За неделю18
  • Вчера1
  • Сегодня0
  • Онлайн0