Меню KDT

Новости

Главная Новости

Наурыз мейрамы қарсанында қайырымдылық шаралары өткізілді.

Наурыз мейрамы қарсанында қайырымдылық шаралары өткізілді.

 

        Наурыз береке-бірліктің, қайырымдылықтың, кешірімнің мейрамы. Ата-бабаларымыз бұл мейрам кезінде жарлы-жақыбайға қайырымдылық жасауды да ұмытпаған. Қазақтың байлары «шүлен тарату» дәстүрін жасап, кедей-кепшікке мал-мүлік, бұйым үлестіріп, тегін ас таратқан. Бұл халқымыздың  жомарттығының көрінісі саналатын дәстүр.

       Осыған орай, Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес  18 наурыз күні мектебіміздің асхана басшысы Бекбулатова Гульмира Мергеновна және бас есепшісі Жаканова Акмарал Серикханқызының бастамасымен «МИЛАТСИ» ЖСШ-нің атынан мектебімізде оқитын патронатты тәрбиедегі, ата-ана қамқорлығынан айырылған, аз қамтылған отбасылар және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, көмектер көрсетілді және оқушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады.

       Наурыз мейрамы қарсаңында аталмыш шаралар ата-баба дәстүрін ұлықтап, ел бірлігін бекемдеуге септігін тигізеді. Қоғамымызда мейірім мен шапағаттың, адамгершілік пен ізгіліктің үстем болуына үндейді.  

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено