Бақшаға біз гүл ексек, Балдырғаным, сен үшін, бақытыңды жыр етсек, Балдырғаным, сен үшін Жігіт болар,күні ертең Балдырғаным, гүл еркем Бақытты бол,өсе бер, Құтты болсын мерекең! Бізде жазғы демалыс кезеңі басталып кетті!!! Кеше мектеп жанындағы "Қарлығаш" жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Лагерь басшысы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Есенгелдіқызыбастап сөз алып, балдырғандарды мерекелерімен құттықтады. Әр топ лагерь басшысына рапорт тапсырып, топтарының ұрандарын айтты. Балалардың сүйікті мультфильм кейіпкерлері қонақта болып, көңілдерін көтерді. Демалыс күндері сәтті басталған сияқты. Көңілді күндер тілейміз баршаға!!!