Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Сіздерден өскен балалар Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директор: Ибитаев Бахытбек Байкенұлына беріледі (директор сөз сөйлейді). Көңілің Алатаудың ақ қарындай, Мейірімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша аяулы ана тына алармын, Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне 10 сынып оқушылары "Аяулы ана" әнімен сахна төріне шақырамыз.