Меню KDT

Новости

Главная Новости

Білімді ұрпақ – ел тірегі

1
2017 жылдың 10-24 - ші сәуір аралығында Новоишим қазақ орта мектебінің жанындағы «Қызылжар» шағын орталығы мен даярлық топтар арасында «Білімді ұрпақ – ел тірегі» атты апталық өткізілді. Сол апталық ішінде 21-ші  сәуір күні Новоишим қазақ мектебінің спорт залында «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық эстафета ұйымдастырылды. Эстафеталық жарыстың тақырыбы: «Мақсаты бірдің рухы бір».  Бұл эстафетаны ұйымдастырудағы біздің мақсатымыз - мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата – аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және жарысқа ата – аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Салауатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын қалыптастыру. Бұл отбасылық эстафетаға 6 отбасы қатысты. Олар:  Уалиевтар , Ахметовтар,    Бәдір,  Елеуке , Хатран, Серикбай  отбасылары.
2

Өнерге биік сеніңіз

Думанға қызық келіңіз

Әділқазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз,- деп жарысқа әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы тағайындалды.

Эстафеталық сайысымыз мынадай кезеңдерден құралды:   

Ойынның шарттары:   1.Таныстыру(топтың аты, ұран, эмблема).

  1. «Жүйрік ат» эстафетасы
  2. «Кім епті» эстафетасы
  3. «Кім жылдам» эстафетасы
  4. «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы

      6.«Ұзындыққа секіру»

  3

Барлық берілген тапсырмалар оңайлықпен, қызуғышылықпен орындалып, жарыс сонында жеңімпаз командалар да анықталды.  Бұл  отбасылық эстафеталық жарысымызды ұйымдастырудағы басты мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз. Өйткені,  ата-аналар мен тәрбиешілер, ұстаздар арасында тығыз байланыс болғаны байқалды. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл қүймен оралды. Жарысққа қатысқан барлық ата-аналар мақтау қағаздарымен және шағын сыйлықтармен марапатталды. Отбасылық эстафетаны ұйымдастырған Новоишим қазақ орта мектебінің жанындағы «Қызылжар» шағын орталығының тәрбиешілері: Нургалиева Н.А, Токкужина Г.Ж.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено