6-мамыр күні Новоишим қазақ орта мектебінде Жеңістің 72 жылдығына орай 10-сыныптар арасында «Күткен күн» атты концерттік спектакль өтті. Бұл концертте соғыс кезіндегі қазақ даласы бейнеленді. Оқушылар актёрлік шеберліктерін денені түршіктілерліктей етіп орындап, әр көрерменнің көзіне жас ұялатты. Өнерінен бал тамған бишілер би билеп, жас әншілер ән шырқады.
Бұл іс-шараны ұйымдастырған қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.М.Жолдасбекова және орыс тілі пәнінің мұғалімі Ғ.М.Байзакова.