17.05.17ж мектеп психологі Т.Б Сердалина 4а және 4ә сынып оқушыларымен «Біз 5-сыныпқа барамыз!» деген тақырыппен сабақ-тренинг өтті. Барлығы 35 оқушы қатысты. Мақсаты: 4 сынып оқушыларын 5 сыныпқа көшуге психологиялық түрде дайындау. Тренинг «Амандасу» рәсімінен басталды. Ары қарай оқушылар 5 сыныптың 4 сыныпқа қарағанда қандай ерекшеліктері бар екенін талқылады. Тренинг арасында «Есіңде сақта!», «Кім, нені жақсы көреді?», «Дұрыс және бұрыс» деген атаумен сергіту жаттығулары жасалды. 5 сынып оқулықтарынан құрылған шағын кітап көрмесі қойылып, тамашаланды. 5 сыныпта қосылатын жаңа пәндер туралы айтылды. Бұдан кейін, 4 сыныпқа келген жаңа оқушыға балалар мектеп өмірі туралы әңгімелеп берді және мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері туралы мағлұмат берді. «Бастауыш сыныпта маған бәрінен есте қалғаны...» және «Бесінші сыныпта менің көргім келеді...» деген сөйлемдерді оқушылар жалғастырып, өз ойларын ортаға салды. Тренингтің соңында психолог бастауыш буынның түлектеріне келесі жылға ақ жол айтып, сәттілік тіледі. Оқушылар өз тараптарынан 4 жыл бойы білім берген үстаздары З.Қ. Баумағанбетова мен С.Ж Алғожинаға жүрекжарды тілектерін білдіріп, алғыс айтты.
Мектеп психологі: Т.Б Сердалина