2017 жылдың 4 маусым күні Новоишим қазақ орта мектебінің ұжымы қолдарына көк, сары түсті шарлар, жалаушалар және «Рәміздер- ел беделі» атты лозунг ұстап, ал мектеп оқушылары көк түсті кепка, көк футболка және джинсы киіп ҚР рәміздерінің 25 жылдығына арналған аудандық шеруге қатысты. Шеру Новоишим қазақ орта мектебінен басталып, аудандық алаңында аяқталды. Барлық қатысушылар алаңда өткен салтанатты жиынға қатысты.
Сонымен қатар біздің оқушыларымыз тудын суретін жасап, аспанға көк түсті шарларды ұшырды.