16 маусым күні біздің ауданымызға Петропавл қаласынан «Туған жер» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған экспедициялық топ келді. Жалпы біздің ауданымызбен танысуы Шұқырколь ауылынан басталды, яғни экспедициялық топ Шұқыркөль ауылына барып, сол ауылдын құрметті тұрғындары туралы презентация тамашалады. Сонымен қатар бағдарламаға сәйкес олар аудандық мәдениет үйінде орналасқан мұражайға барып, мұражай қызметкерлерінен толық ақпарат ала алды.
Жоспар бойынша сағат 1800-де аталмыш топ біздің мектебімізде «Туған жер- патриотизм негізі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Бұл іс-шараға ауданымыздың құрметті тұрғыны Иманбай Какашұлы Тасмағанбетов, №1 Новоишим орта мектебінің «Ел тірегі» әскери клубының жетекшісі Федоров, аудан білім бөлімі басшысының орынбасары Э.М. Қарабаева, аудандық әдістемелік кабинетінің жетекшісі Р.Қ. Жаманбаева , №1, №2 және біздің мектебіміздің белсенді оқушылары қатысты. Экспедициялық топ құрамында 3 жетекші-мүғалім, 5 қыз бала және 2 ұл бала болды. Іс-шара барысында келген қонақтар өздерінің келген мақсаттарымен бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар олар үстел қатысушылармен топтық жұмыс ұйымдастырып өткізді. Белгіленген уақыт өткеннен кейін әр топ Ғ. Мүсірепов ауданы бойынша жинаған мәліметтерді ортаға салды. Іс-шара сонында экспедиция мүшелеріне «Тоқсан би» атты және Ғ. Мүсірепов ауданы туралы кітаптары естелікке сыйға тартылды.