Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Туған жер ізімен» ақпараттық сағаты

19 мамыр 2017 жылы сағат 10.30-да Новоишим қазақ орта мектеп кітапханасында 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Туған жер ізімен» ақпараттық сағаты өтті. Мақсаты: Ғ.Мүсірепов ауданының 20 жылдығына байланысты оқушылармен тарихи мағлұматтармен бөлісу.Ұйымдастырған аудандық кітапхана маманы Сара Фазылқызы. Ақпараттық сағаттың қонағы ретінде ауданымыздың қадірлі тұрғыны Тасмағанбетова Мариям Манапқызы шақырылды. Ол кісі оқушыларға ауданымыздың құрылғаннан бастап, осы уақытқа дейінгі жүріп өткен жолы, жетістіктері туралы айтып берді. Келесі кезекте мектеп кітапханашысы Кусаинова Шапия Касенқызы қазіргі уақыттағы ауданымыздың жаңалықтарымен бөлісті. Оқушылар өз тараптарынан қызықтыратын сұрақтарын қойды. Кездесу қызықты және есте қаларлықтай өтті.

 1

2 
3

Мектеп кітапханашысы: Кусаинова Ш.К


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено