Қыркүйектің 07.09-11.09 аралығында «Отбасы- бақыт мекені» апталығы аясында мектебімізде 0-1 сыныптар арасында «Менің жанұям - ең ғажап отбасы» фотосурет көрмесі өтсе, 2-3 сыныптар арасында «Отбасы- аялы алақан мекені» фотосурет көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға бастауыш сыныптар белсенді қатысты. Қыркүйектің 11 күні аудан білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мен отбасымды мақтан тұтамын» тақырыбында өткен фотосурет байқауына 5 жұмыс жіберілді. Нәтижесінде біздің мектеп I орынға ие болып, мадақтамамен марапатталды.
Тәрбие ісінің орынбасарлары: Мусаибова Г.Т., Амиржанова Б.К.