Алтын ұя мектептің тұлпарлары, дүлдүлі – Жұлдыздары жүректің жетілдіндер бұл күні! Бірің – хакім, ал бірің болыңыздар ғұлама, Мың дауыспен сайраған о, өмірдің бұлбұлы!
Ата-дәстүр бойынша сатпайды ұлан сүйегін, Күй төгесің шанақтан – жақсы болды тиегің! Құтты болсын тойларың шәкірттерім, көгершін, Барлығынды кеудеме басып, қысып сүйемін.
Сендерсіндер тірліктің желкілдеген құрағы, Ұстаздарың арманын өздеріңе ұлады! Тойға ұлассын тойларың – ту қадандар биікке, Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады.
Оралындар отыздың ортасына толғанда, Шүкіршілік етеміз жетсеңдер шың-арманға. Ел-жұртың бар тілектес, жьнылма өмір-егесте, Ал соңдарың айналсын қарақұрым орманға!