Меню KDT

Новости

Главная Новости

21.06.2018 - Ақпарат - 13:00 - ҰБТ алғашқы нәтижесі шықты

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы нәтижелері белгілі болды. Бірінші күні ең жоғары 140 балды ешқандай түлек ала алмаған. Тек бір оқушы ғана 137 балл жинаған. Жалпы тестілеуге қатысқан 13897 түлектің 11795-сі шекті 50 балдан жоғары тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық, - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов. Алғашқы күні ұялы телефонмен кірмек болған бірнеше түлекке ескерту жасалды. Ереже бұзған бір түлек тест тапсырудан шеттетілді. Мамандардың айтуынша, емтихан талабы былтырғыдай, өзгерген жоқ. Тек сұрақтар 50 пайыз жаңарған. Ал сынақта шекті балды жинай алмаған 2102 түлектің тамыз және қаңтар айында тағы тест тапсыруына мүмкіндік бар.

қайнар көз: https://kaztrk.kz/news/bilim/ubt-algashqy-natizhesi-shyqty-114292
Кез келген материалды қолданған жағдайда мына сілтеме көрсетілуі тиіс https://kaztrk.kz


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено