«Сәт сапар саған, жас түлек!» атты соңғы қоңырау мерекесі өте жақсы деңгейде өтті. Бескөл ауылының әкімі Баденов Е.К. оқушыларды және ата-аналарды құттықтады. Оқушыларға мектеп директоры С.К. Елеукина түлектерге арналған ізгі тілегін білдірді.Зейнеткер ұстаз Галиева Б.Ж. сөз сөйледі және оқушыларға арнаған өлең жолдарын оқып берді. Соңғы қоңырау мерекесі түлектердің есінде қаларлықтай деңгейде өткізілді. Ата-аналар мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.