14.06.2018ж. «Балауса» лагері әсем қаламыз Астананың көркем жерлерін тамашалауға аттанды. 20 жылдық мерекесін атап өткелі отырған, ерекше сәулетіне сән-салтанаты жарасқан қаламыздың ең көркем жерлеріне бастаған экскурсия жетекшілері әр ғимараттың қызметі мен тарихын қызықтыра баяндады. Қаламыздың мәдени, тарихи, саяси маңызы бар ғимараттарымен танысып, жасыл желек саябақтарына серуен жасау балалар үшін өте қызықты болды. Күнделікті өмірде көріп жүрген ғимараттар мен ескерткіштер туралы тың ақпараттар біліп, тіпті аңызға толы оқиғаларды ұйып тыңдаған балалар қаламызды жаңа қырынан тани білді. Түрлі мемлекет басшылары тарту еткен ескерткіштер мен су бұрқақтардың мәнін танып, қаламыздың он жылдық мерекесіне орай ашылған орталықтарды аралап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.