13.06.2018ж. «Балауса» лагерінің қатысушылары «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалады. «Нұр Әлем» сферасына саяхат жасап, энергия көзінің мүмкіндіктерін тереңірек тануға мүмкіндік алды. Жаңа, зәулім ғимараттар мен көк желкен саябақтардың сұлулығын биіктіктен тамашалауға мүмкіндік алған балаларға, 20-жылдық туылған күнін атап өткелі отырған елордамыздың жетістіктері жайлы да ақпарат берілді. Экскурсия жетекшілері лагерь қатысушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, терең мағлұмат жинауға шақырды. Мәселен, қуат көздерін танып білуге, халқаралық көрменің ерекшелігін зерттеуге жол берерлік сілтемелер де жасап өтті. Саяхат соңында балалар естелік суретке түсіп, көрмені неше рет тамашаласаң да, әр келген сайын жаңа қырынан тануға болатындығына көз жеткізгендіктерін айтып, алғыс білдірді. Әлбетте, бұл өзіндік ерекшеліктері мол, заманауи жабдықтары мен жаңашылдығының арқасында кез-келген адамды таң қалдырарлық көрме, ол қаламыздың әсемдігіне өзіндік сән қосушы ерекше орталық екені даусыз.