Контакты
Қазіргі таңда адамзаттың ақпараттық-коммуникациялық қоғамға бет бұрғаны ешкімге құпия емес.Көптеген қызметтерді интернеттің көмегімен онлайн режимінде алуға болады. «Сандық Қазақстан» бағдарламасының аясында билік өкілдері елорда тұрғындарына интернетті пайдалануды үйретіп жатыр.
Қала мектептерінде білім басқармасының бастамасымен тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталған тегін курстар жүргізілуде. Әр азамат өз қалауынша Үкіметке өтініш түсіруді, әртүрлі анықтамаларды онлайн режимінде алуды, үйден шықпай-ақ сауда жасауды үйрене алады.http://astana.gov.kz/kk/