https://studentmedia.kz/bilim-grantyny-konkursyna-atysushylar-sany-15-my-a-artty/
Бүгін Астанада білім гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті. Жиында жоғары оқу орындарына түлектерді қабылдау жұмысын талқыланды. 18-26 шілде аралығында өткен мемлекеттік гранттың конкурсына 75 431 түлек құжат тапсырған. «Былтырғы жылға қарағанда қатысушылар саны 15 мың адамға артты. Бұл — өте жақсы көрсеткіш. Тамыз айының 1-15 аралығында арнайы құрылған комиссия жұмыс істейді», — дейді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағанбетов.