Меню KDT

Новости

Главная Новости

Астанадағы орта білім беру ұйымдарына арналған міндетті мектеп формасы



Астаналық ведомство оқушылардың киім стандарты қандай болатынын айтты.

Мектеп формасының үлгісі классикалық стильде, түсі – қоңыр-көк.

Ер балалар киетін мектеп формасына:

пиджак, желетке, шалбар, ақ түсті салтанатты жейде, күнделікті ақ жейде, (қыс мезгілінде: трикотажды жилет, ақ водолазка). Ер балаларға арналған шалбардың тігісі кең және ұзындығы аяқтың тобығын жауып тұрады. Ең аз дегенде ұсынылғаны: жейде, желетке мен шалбар.

Қыз балаға арналған мектеп формасына кіретіндер:

пиджак, желетке, белдемше, шалбар, классикалық ақ кофта, сарафан (қыс мезгілінде: трикотаж желетке, ақ водолазка). Қыздарға арналған шалбар кең тігілген, ал ұзындығы аяқтың тобығын жауып тұрады. Белдемшенің ұзындығы кеңсеге арналған, тізеден 5 см жоғары болмауы керек.

Ведомство мектеп формасына діни және түрлі конфессияларға тән үлгілерді енгізуге болмайтынын айта кетті.

Сонымен қатар, мектеп формасында орта білім беру ұйымын ерекшелеп тұратын белгілер болады (эмблема, жапсырма т.б.). Олар киімнің жоғары жағына орналасады немесе аксессуарлар (пиджак, желетке). Эмблеманың эскизін мектептен немесе мектептің сайтынан алуға болады.

Мектеп формасының талабы бойынша сынған фурнитурасы бар аксессуар мен киімдерді алып тастайды.  

Мектеп формасына тозбайтын, антибактерияға қарсы, антимикробқа қарсы, антистатикалық қасиетке ие жартылай жүн және мақта матасы қолданылды. Яғни құрамында киім мыжылып кетпесі үшін 75-85% табиғи матасы бар (мақта, жүн және басқасы) және 15-25% синтетикалық қоспа қосылған.

«Қазір дүкендерде таңдау өте көп. Әрине мектеп формасын кез келген жерден аулға болады және ешкім шектемейді. Бастысы, түсі мен стилі бірдей болуы қажет», - делінген білім басқармасының хабарламасында.

 

Мектеп формасын тек бір тауар өндірушіден сатып алуға мәжбүрлеген жағдайда дереу Білім басқармасына мына телефон номерлері бойынша 55-68-53, 55-68-83, 55-68-73 хабарласу қажет немесе 109 номеріне. 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено