«2018 жылы 4 шілдеде қабылданған Заңға сәйкес Қазақстанда сырттай оқу 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтайды. Қазір сырттай оқып жатқан студенттер болса, оқуларын аяқтағанша оқиды. Жаңа заңда жоғары білім бағдарламаларын меңгеру мерзімі алынып тасталған. Осыған сәйкес, жоғары оқу орындары оқыту нәтижелерін ескере отырып, бакалавриат бағдарламасын жылдамдатылған режимде аяқтауды көздейтін интеграцияланған білім бағдарламаларын әзірлейтін болады. Заңда жоғары оқу орындарындағы ақылы оқудың бағасын реттейтін норма да алынып тасталған. Яғни, осы тұста азаматтардың жоғары білім алу мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылмақ. Енді білім бағдарламалары бойынша оқу төлемақысының көлемі мен білім қызметтерін көрсету шартының формасын жоғары оқу орындары өздері бекітетін болады», - дейді министр.