"Гүлдене бер-Астана"
"Гүлдене бер-Астана"атты тақырыпта сурет байқауы өтті. Астана күні мерекесіне орай оқушыларға танымдық ақпарат берілді.
Қазақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. 1997 жыл 10 - желтоқсанда бұрыңғы тыңның астанасы Ақмола қаласы күллі Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды.. БірақАқмола атауы ұзақ тұрмады, 1998 жылы 6 - мамырда Ақмола Астана болып қайта аталды.
Астана – еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Біз – осы елдің болашақпатриотымыз. Ендеше Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп мақтан етейік.
Слайдтан көрсету.
Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Осы аз уақыт ішінде Астана ғажайып қалаға айналды.
Ал, енді балалар біз Астана қаласына саяхат жасайық. Сендер Астана қаласына саяхат жасағыларың келеді ме? Онда саяхатымызды бастаймыз. Біз Астананың ең әдемі жерлеріне барамыз.
(Слайдтан ақ орданы көрсету)
Есіл өзенінің сол жағалауында Президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, Конгресс холл, тағы басқа негізгі экономикалық, саяси орталықтар орналасқан. Ақ орда Қазақстан Республикасы президентінің жұмыс орны. Мұнда елбасымыз жиналыстар мен кездесулер өткізеді. Өзге елдермен келіс сөздер жүргізеді.
(Слайдтан Бәйтеректі көрсету)
Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші - “Астана – Бәйтерек ” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды.. «Бәйтерек»- бас қаламыздың символы. «Астана - Бәйтерек» үш бөліктен – тамыры, діңіжәне ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананыңқасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады.
(Слайдтан Хан шатырды көрсету)
«Хан шатыры» - Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын - сауық орталығы. 200 - дей метрлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кинотеатрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады. Бұл көргендеріміздің барлығы біздің Отанымыздағы, Республикамыздағы, Елордамыздағы демалатын орындар.
(Слайдтан мұхит аралын көрсету)
Келесі көрікті жерлерінің бірі - “Думан” ойын - сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанариум, кинозалдар. Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Кинозалда мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесің. «Мұхит аралы» (Океанариум) Қазақстандағы тұңғыш әрі бірден - бір нысан. Бұл әлемдегі мұхиттан 3 мың шақырымға жуық қашықтықта жатқан бірден - бір - «Мұхит аралы». «Мұхит аралында» 3 миллион литр су бар. Қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған. 70 метрлік дәліз бен түрлі мөлшердегі 11 аквариумнен тұратын екі үлкен көрме аумағындағы түрлі - түрлі балықтардың тіршіліктеріне жақыннан қарауға болады. Бұл аквариумдағы «Мұхит аралдың» ең ірі тұрғындары - акулалар, алып алабұғалар, тәкаппар губандар - Наполеондар, коралл трауттары және өзге де балықтар тіршілік етуде.
(Слайдтан пирамиданы көрсету)
«Пирамида» - Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық суретші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар көрме залдары орналасқан.