Меню KDT

Новости

Главная Новости

Баспасөз хабарламасы

 18 маусым күні сағат 16:20-да «2017-2018 оқу жылының қорытындылары және ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелері. ҰБТ-2018 басталуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер: ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан КАРИНОВА, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВ.

2017-2018 оқу жылындағы мектеп бітірушілерді аттестаттаудың қорытындысы

2017-2018 оқу жылында 147 023 түлек орта мектепті бітіріп, 29 мамыр - 9 маусым аралығында қорытынды аттестацияны тапсырды. «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер 6 892 түлектің 6 780-і (98,4%) өз білімдерін растап, «Алтын белгі» төсбелгісін алды.

Үздік аттестатқа үміткер 4966 үздік бітірушінің 4915-і (99%) өз білімдерін растады. Биылғы оқу жылында 1,2,7 сынып оқушылары жаңартылған білім жүйесінің оқулықтарымен білім алды. Оқушылардың білім сапасы жақсарды. Жалпы, оқу жылы жақсы көрсеткіштермен, сәтті аяқталды. Ата-аналар да, балалар да риза.

2018 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 20 маусым - 1 шілде аралығында өтеді.

         Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысуға 92 827 түлек ниет білдіріп, өтініш жазған. Олар биылғы мектеп бітірушілердің жалпы санының (131 377) 70% құрап отыр. ҰБТ тапсыруға ниетті 69 209 түлек қазақ тілінде, ал 23 618 – орыс тілінде тапсырады. ҰБТ 165 тапсыру пунктінің 1431 аудиториясында өткізіледі.  Барлық аудиториялар байланыс сигналдарын бөгейтін құрылғылармен, металл детекторларымен, ҰБТ барысын бақылау   және жазу бейнекамераларымен, сондай-ақ, онлайн тарату камераларымен жабдықталған. Тест тапсыру пунктерінің барлығы ҰБТ-2018-ді өткізуге дайын.

 

БҒМ баспасөз қызметі.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено